30 жыл

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы Заң қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының ерік-жігерін көрсете отырып, Декларация қабылдады.  Онда жалпыға бірдей адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын мойындай отырып, азаматтық қоғам мен заңның үстемдігінің сақталуы,  сыртқы саясатты бейбіт түрде  жүргізіп, ядролық қаруды таратпау қағидатын ұстанатынын мәлімдей отырып, қазақ ұлтының өз құқығын өзі анықтауды растайтын халықаралық құқықтық нормалары негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды».

Орталық Азия аймағының көшбасшысы Қазақстан соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Қазақстан бүкіл экономикалық жүйені қайта құрудың арқасында экономикада айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Тәуелсіз Қазақстандағы экономикалық реформалармен қатар, Республиканың халықаралық аренадағы беделін едәуір арттырған саяси реформалар жүргізілді. Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі болып табылады және Батыс пен Шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесі ретінде танымал.

 2021 жылы 16 желтоқсанда қазақстандықтар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді.

Бұл бөлімде сіз сұхбаттарды, эсселерді, тарихи оқиғалардың куәгері болған адамдардың естеліктерін, сондай-ақ тәуелсіздік құрдастарымен сұхбаттарды таба аласыз.