Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының негізгі функциялары (БАҚКО)

БАҚКО жұмысының мақсаты: білім алушыға «бір терезе» қағидасы бойынша оқу-білім беру үрдісіндегі қызмет көрсетулерді жылдам және сапалы түрде ұсыну.

БАҚКО қызметінің қағидалары: студентке бағдарлану, қызметтерді стандарттау, сұрақтарды шешудегі объективтілік, алынған ақпараттың құпиялылығы.

БАҚКО негізгі міндеттері:

  • білім алушылардың жеке істерін ресімдеуді орталықтандыру;
  • білім алушылардың жеке істерін тиісті сақтау;
  • белгіленген нысандар бойынша білім алушылардың барлық санаттарын дербес және статистикалық есепке алу;
  • білім алушыларға арналған бұйрықтарды тіркеу және сақтау;
  • білім алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету;
  • қатаң есептегі құжаттарды беру;
  • әскери есепке тіркеу және әскери есептен шығару;

БАҚКО негізгі қызметтері:

  1. Білім алушылардың жеке істерін білім берудің барлық деңгейлері бойынша жүргізу.
  2. Барлық білім беру деңгейлері бойынша білім алушылардан өтініштер қабылдау:
  • академиялық демалысқа баруға/академиялық демалыстан шығуға өтініш;
  • басқа ЖОО-на, бір оқу түрінен екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу тілінен екінші оқу тіліне ауыстыруға өтініш;
  • университетке қайта қабылдау туралы өтініш;
  • оқудан шығару туралы өтініш;
  • тегін (аты, әкесінің аты) ауыстыруға өтініш;
  • қайта оқу курсына өтініш;
  • жеке санаттағы тұлғалар үшін ай сайынғы төлем жасауға өтініш;
  • ақшаны қайтаруға өтініш;
  • Президенттік стипендияға өтініш;
  • академиялық ұтқырлыққа өтініш.
  1. Білім берудің барлық деңгейлері бойынша ресімдеу және беру:
  • жаңадан келген немесе қайта қабылданған білім алушылар үшін білім беру қызметтерін көрсету шарты/қосымша келісімі;
  • СОБЕС, банк, қаржы орталығы және т. б. мекемелер үшін білім алушыларға берілетін анықтама;
  • транскрипт;
  • қатаң есептегі құжаттар (аттестаттар, дипломдар, дипломдардың дубликаттары, академиялық анықтамалар);
  • дипломдарға қосымшалар;
  • білім алушының жеке ісінде бар құжаттардың көшірмелері.
  1. Білім берудің барлық деңгейлері бойынша дайындау:
  • білім алушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтарды;
  • оқу жылының басында жетім-студенттерді тамақтандыруға бұйрықты;
  • стипендияларды тағайындау бойынша бұйрықтарды;
  • 1 ақпан/маусым жағдайына жолға төленетін стипендияны тағайындау бойынша бұйрықтарды;
  • Президенттік стипендияға бұйрықтарды;
  • жазғы және қысқы емтихан сессияларының қорытындысы бойынша босаған білім гранттарына бұйрықты;
  • академиялық ұтқырлыққа бұйрықты.
  • білім алушылардың жеке істеріне сұраныс хаттарды;
  • студенттердің грант бойынша босаған орындарға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарын және ҚР БжҒМ-не құжаттарды уақытында ұсыну;
  • тиісті бөлімдерге ұсыну үшін білім алушылардың жеке құрамы бойынша ай сайынғы есеп беру;
  • жыл сайынғы статистикалық есеп 3-НК, 1-К;
  • қатаң есептілік бланкілерінің қозғалысы туралы жыл сайынғы есеп;
  • мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттер контингентінің қозғалысы бойынша ай сайынғы есеп;
  1. Ұсыным:
  • университеттің Ғылыми кеңесіне босатылған білім гранттары конкурсына қатысатын білім алушылардың құжаттары;
  • университеттің Ғылыми кеңесіне Президенттік шәкіртақы конкурсына қатысатын студенттердің құжаттары;
  • ҚР БжҒМ-не қатаң есептілік бланкілеріне (дипломдар және академиялық анықтамалар) өтінімдер.
  1. Университеттің автоматтандырылған жүйесінде жұмыс:
  • білім алушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтарды енгізу және тіркеу;
  • стипендия туралы бұйрықтарды енгізу;
  • білім алушылардың жеке істеріне мәліметтерді енгізу;
  • диплом қосымшаларын басып шығару;
  • білім алушылар контингенті бойынша әртүрлі есептерді қалыптастыру.
  1. Әскери есеп:
  • әскери есепке тұрғызу;
  • әскери есептен шығару;
  • «№3 қосымша» анықтамасын беру;
  • Қорғаныс департаментіне және 2-ші бөлімге есептерді беру.