Стипендия тағайындау талаптары

Мемлекеттік стипендия 02-2028-2020 СМЖ "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ-да білім алушылардың мемлекеттік стипендияларын төлеу тәртібі туралы ережеге" сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға тағайындалады және төленеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған, емтихандар мен дифференциалды сынақтарды тапсырған, соның ішінде курстық жұмыстар мен дене шынықтыру пәндерін"жақсы", "өте жақсы" деген бағаларға тапсырған білім алушыларға мемлекеттік стипендия ай сайын әрбір триместрден кейін, емтихандық сессиядан және каникулдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, емтихан сессиясы мен каникулдар аяқталатын айдың соңына дейін төленеді. Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия жоғары оқу орнын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күнге дейін төленеді.

"Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған, "FX" белгісіне сәйкес келетін және содан кейін осы бағаларды "жақсы" немесе өте жақсы" деген бағаға қайта тапсырған білім алушыларға ағымдағы емтихандық сессия кезеңінде стипендия тағайындалады.

Жазғы семестрде пәнді "өте жақсы" немесе "жақсы" деп қайта тапсырған жағдайда стипендия төленбейді.