Жұмысқа орналастыру және қызметтік өрлеу

Егер Сіз С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенті немесе түлегі болсаңыз және сіз практикадан өтетін немесе өз мамандығыңызға сәйкес жұмыс орнын іздесеңіз, сіздерге«С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ кәсіпкерлікті, мансап және бизнесті дамыту орталығы» көмекке келеді! Орталық 2015 жылдан бастап сіздер үшін жұмыс істейді. Орталық жоғары оқу орны және жұмыс беруші арасын байланыстырушы буын ретінде студенттер мен түлектерге мансап жолын жоспарлауға, сондай-ақ түлектердің университетпен байланыста болуына көмек көрсетеді. 

Сіз орталықтан келесі ақпараттарды ала аласыз: 

  • кәсіби және зерттеу практикасынан өту орындары туралы;
  • әлеуетті жұмыс берушілерде бар бос орындар мен олардың ұсыныстары туралы ақпаратты http://profi.kazatu.kz веб-сайтынан алуға болады;
  • өткізілетін мансаптық іс-шаралар туралы.

Орталықжұмысының мақсаты: 

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттері мен түлектерінде мансаптық дағды қалыптастыруға, кәсіби өрлеуіне, түлектердің жұмысқа орналасуына көмек беру. 

Орталық қызметінің негізгі бағыттары: 

  • С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттеріне оқу-танысу, кәсіби, дипломалдындағы практикадан және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  • әлеуетті жұмыс берушілердің қатысуымен кездесулер, бос орындар жәрмеңкесін, семинарлар, компаниялармен таныстыру және т.б. іс-шараларын ұйымдастыру;
  • әлеуметтік сауалнамалар мен мониторинг жүргізу арқылы еңбек нарығында ақпараттық талдау жұмысын ұйымдастыру;
  • студенттер мен түлектерге ақпараттық қолдау жасау;
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ түлектерін жұмыспен қамту;
  • еңбек нарығында С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін және ұтқырлығын арттыру. 

Кәсіпкерлікті, мансап және бизнесті дамыту орталығының құрамы

Айтуганов Кайрат Капарович орталық жетекшісі.

Нурпеисов Данияр Нурланович орталық жетекшісінің орынбасары.

Сауров Султан Ергалиұлы бас маман. 

Бабаева Сандугаш Мухамедиевна – жетекші маман. 

Орталықтың мекенжайы және байланыс телефондары: 

000010, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, бас ғимарат, 3 қабат, №1313 кабинет 
Байланыс телефоны: 8 (7172) 31-73-43; эл. почта: ckb_kazatu@mail.ru

Студенттердің тәжірибелік дайындығы

Түлектерінің жұмыспен қамтылуы