Білім алушылар контингенті

Бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар контингенті 2020-2021 оқу жылының 1 қазандағы 12681 адамды құрады, оның ішінде:

- бакалавриат бойынша -  11690 адамды құрады. Соның ішінде: 11224 адам күндізгі оқу бөлімі бойынша, 466 адам сырттай оқыту нысаны бойынша оқиды. Қазақ бөлімінде 7518 адам білім алуда. Соның ішінде – 7349 күндізгі және 169 сырттай оқыту нысандары бойынша оқиды. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алатын студенттер саны - 6859 адам (61,1% - студенттердің жалпы санынан), соның ішінде қазақ бөлімінде – 4999 (72,9% - мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студенттердің жалпы санынан) адам. Шет ел студенттерінің контингенті 128 адамды құрады;

- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша оқитындар- 991 адам, оның ішінде магистратура бойынша - 837, PhD докторантура бойынша - 154. Мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылар саны – 749 адам, оның ішінде магистратура бойынша – 609 адам, докторантура бойынша – 140 адам, бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпы контингентінің 75,6% - ын құрады. Магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша оқыту күндізгі оқу нысаны шеңберінде, үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) жүзеге асырылады.

Деректерді талдау білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім алушылардың контингенті (1- кесте) 2018 жылдан бастап орта есеппен 3,6 пайызға азайды. Бірақ бұл ретте білім беру гранты бойынша білім алушылар контингенті 16,8% -ға өскен.

Күндізгі оқу нысаны бойынша қазақ тілінде білім алушы студенттер үлесі 15,5% пайызға өскен.

Контингент қозғалысы. Студенттер қозғалысы СМЖ 02.2040-2020  «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыстар беру тәртібі туралы Ереже» бойынша әртүрлі себептермен оқудан шығарылуына, басқа ЖОО ауысуына, оқуға қайта қабылдануына, қайта оқуға қалдырылуына және академиялық демалыс берілуіне сәйкес жүргізіледі.