Түлек 2020

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жас мамандардың тағы бір тобы білікті жас маман атанды. Университет құрылғаннан бастап білім деңгейін өзінің басты сапасы ретінде жоғары көтерді және жастарды таңдап алған мамандығымен ұлттық дәстүр шеңберінде адалдыққа тәрбиелеп, оқу үдерісіне сәйкес дайындауда.

Болашақ түлектер университет қабырғасында техникалық, ауылшаруашылық және әлеуметтік–экономикалық мамандықтар бойынша қажетті білім алуда. Бұл оларға ары қарай тәжірибелік қызметтегі функционалдық міндеттерін сауатты және тиімді іске асыруға, жаңа техниканы игеруге, жаңа білім алуға мүмкіндік береді.

Университет өзінің 63 жыл қызметінде ауыл шаруашылығына және экономиканың басқа салаларына 74284 маман мен бакалаврларды дайындап шығарды. Сонымен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі ашылғаннан бастап 3520 адам магистр дипломын алды. Демек, университет бойынша жалпы түлек саны 77804  адамды құрады.

Тұтас алғанда, университетте 2019–2020 оқу жылы 36 бакалавриат мамандығы және мамандық біліктілігі бойынша 2631 студент (соның ішінде: күндізгі оқыту бөлімі бойынша – 2395(соның ішінде үздік үлгеріммен- 267), сырттай оқыту бөлімі бойынша – 236 (соның ішінде үздік үлгеріммен- 3) бітірді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері профильді және ғылыми -педагогикалық бағытта 36 мамандық бойынша 598 магистр оқу бітірді және мамандық бойынша 32 PhD докторы. 2019-2020 оқу жылында 42 адам магистр дипломына куәлік алды.

Барлық бітірушілер санын алғанда, мамандар мен бакалаврларды дайындау бағыттары бойынша оқу бітірген түлектердің ішінде ең жоғарғы көрсеткіш «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыты бойынша – 31,6% жуық және магистратура – 35,3% құрайды.

2020 жылғы қорытынды бойынша факультеттер арасында (758 бакалавр және  магистр) техникалық факультетінің түлектер саны басым.

Университетті аяқтағандардың ішінен 270 (10,3%) адам үздік диплом алды. Ең жоғары пайызбен үздік диплом алған факультеттер: ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы – 16,1%, агрономиялық – 14,9%, компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті – 11%, , жер ресурстарын басқару, архитектура және дизайн факультеті – 10%.

01.10.2020 жылғы жағдай бойынша 2020-2021 оқу жылының күтілетін шығарылымы 2980 адам, оның ішінде: бакалавриат бойынша 2510 адамды құрайды, оның ішінде күндізгі оқу бойынша – 2276, сырттай оқу бойынша – 234; магистратура бойынша 422 адам; докторантура бойынша48 адам.