Докторантура

Білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, оқу орындарының басқа қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 жарлығының шешімі негізінде «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ 2019-2020 оқу жылының үшінші триместрінің сабағын қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізеді.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері Кәсіпкерлік, мансап және бизнесті дамыту орталығымен (КМжБО), кафедралармен және тәжірибе жетекшілерімен келісе отырып, жеке қосымша кесте бойынша жүзеге асырылады.

PhD докторын даярлаудың білім беру бағдарламасы  ғылыми-педагогикалық бағыты және іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен пәндерді тереңдетіп оқыту бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласы. PhD докторантура Болон процесінің халықаралық талаптарына сәйкес ғылыми педагогикалық мамандарды даярлау процесін қамтиды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының 24 тобы бойынша лицензиясы бар.

Академиялық күнтізбе

PhD докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының тізімі:

  • D008 – Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау
  • D070 – Экономика
  • D072 – Менеджмент және басқару
  • D073 – Аудит және салық салу
  • D074 – Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
  • D075 – Маркетинг және жарнама
  • D077 – Бағалау
  • D094 – Ақпараттық технологиялар
  • D098 – Жылу энергетикасы
  • D099 – Энергетика және электр техникасы
  • D100 – Автоматтандыру және басқару
  • D103 – Механика және металл өңдеу
  • D104 – Көлік, көліктік техника және технология
  • D111 – Азық-түлік өнімдерінің өндірісі
  • D122 – Сәулет
  • D123 – Геодезия
  • D128 – Жерге орналастыру
  • D130 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
  • D131 – Өсімдік шаруашылығы
  • D132 – Мал шаруашылығы
  • D133 – Орман шаруашылығы
  • D135 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • D136 – Автокөлік құралдары
  • D138 – Ветеринария

Докторантураға қабылдау ережелері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен жүргізіледі (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығы). http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017650

Құжаттарды қабылдау 3 шілдеден 25 шілдеге дейін жүргізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтихандары – 8-16 тамыз аралығында, қабылдау – 28 тамызға дейін жүргізіледі.

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар  немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы келесідей құжаттарды тапсырады:

  1. өтінішті (еркін түрде);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  3. білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
  4. шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;
  5. № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
  6. 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
  7. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;
  8. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Осы тармақта  көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты даярлау аясында тұлғалардың өтініштерін (еркін түрде) қабылдау ЖЖОКБҰ-да жүргізіледі.

Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады:

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 138 балл),

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 32),

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 400,    

Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 47),

International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 4.5);

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 400 балл).

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.

5-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын докторантураның білім беру бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖЖОКБҰ-да ғана тапсырады.

Докторантураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары
D008  Подготовка педагогов профессионального образования
D070 – Экономика
D072 – Менеджмент
D073 – Аудит и налогообложение
D074 – Финансы, банковское и страховое дело
D075 – Маркетинг и реклама
D094 – Информационные технологии
D128 – Землеустройство
D130 – Стандартизация, сертификация и метрология
D131 – Растениеводство
D132 – Животноводство
D138 – Ветеринария (ОП Санитарно-экологическая безопасность продукции животноводства)
D138 – Ветеринария
D133 Лесное хозяйство (ОП Дикая природа)
D133  Лесное хозяйство
D098  Теплоэнергетика
D135 – Энергообеспечение сельского хозяйства
D099  Энергетика и электротехника
D100  Автоматизация и управление
D103  Механика и металлообработка
D104  Транспорт. транспортная техника и технологии
D136  Автотранспортные средства
D111 Производство продуктов питания
D122  Архитектура
D123  Геодезия