Магистратура

Білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, оқу орындарының басқа қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 жарлығының шешімі негізінде «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ 2019-2020 оқу жылының үшінші триместрінің сабағын қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізеді.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері Кәсіпкерлік, мансап және бизнесті дамыту орталығымен (КМжБО), кафедралармен және тәжірибе жетекшілерімен келісе отырып, жеке қосымша кесте бойынша жүзеге асырылады.

Қарқын алған ғаламдық үдеріс жағдайында Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру елімізді халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке сай адам ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.

Магистратура – көп салалы университет білімінің ажырамас жүйесінің аса бір маңызды, басым сипаттағы буыны болып табылады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті магистратураның білім беру бағдарламаларының 28 тобы бойынша магистерлерді дайындауды жүзеге асырады.

Магистратурада оқу қазақ және орыс тілдерінде (үш тілдік технология бойынша) екі бағытта жүргізіледі:
- ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл);
- бейіндік (оқу мерзімі 1; 1,5 жыл).

Академиялық күнтізбе

         

Магистратураның білім беру бағдарламалары топтарының тізімі:

  • М008 – Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау
  • М043 - Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны
  • М070 – Экономика
  • М072 – Менеджмент және басқару
  • М073 – Аудит және салық салу
  • М074 – Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
  • М075 – Маркетинг және жарнама
  • М077 – Бағалау
  • М082 – Биотехнология
  • М094 – Ақпараттық технологиялар
  • М096 - Коммуникация және коммуникациялық технологиялар
  • М098 – Жылу энергетикасы
  • М099 – Энергетика және электр техникасы
  • М100 – Автоматтандыру және басқару
  • М103 – Механика және металл өңдеу
  • М104 – Көлік, көліктік техника және технология
  • М111 – Азық-түлік өнімдерінің өндірісі
  • М122 – Сәулет
  • М123 – Геодезия
  • М128 – Жерге орналастыру
  • М130 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
  • М131 – Өсімдік шаруашылығы
  • М132 – Мал шаруашылығы
  • М133 – Орман шаруашылығы
  • М134 - Балық шаруашылығы
  • М135 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • М136 – Автокөлік құралдары
  • М138 – Ветеринария

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар

Магистратураға оқуға қабылдау ережелері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен жүргізіледі (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығы).

Құжаттарды қабылдау 3 шілдеден 25 шілдеге дейінгі аралықта жүргізіледі. Кешенді тестілеу 8-16 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 28 тамызға дейін өткізіледі.

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.

Магистратураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға, ал резидентураға түсуші тұлғаларденсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына немесе  ЖЖОКБҰ-ға, ғылыми ұйымдарға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18657 болып тіркелген) сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының атына (резидентура үшін еркін түрде) өтінішті;
  2. жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
  3. интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесін (резидентураға түсу үшін);
  4. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  5. 3x4 сантиметр өлшемдіалты фотосурет;
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
  7. осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

  • шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;
  • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

КТ нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

Түсу (шығармашылық) емтихандарын және КТ-ны тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламалар тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткізіледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім  беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.

Магистратураға шығармашылық емтиханды өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан комиссиясы құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm  (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 163 балл),

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm(Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм)Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ),шекті балл – кемінде 46),

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453,

Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 65),

International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5.5);

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэИнтернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome dEtudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefranзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF(ТСФ) – кемінде 400 балл).

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға2-қосымшаға сәйкес балдарменGraduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-ден босатылады.

«Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға  4-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишентест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен  тексеріледі.

Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 (үш) ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.

КТ, түсу (шығармашылық) емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

Магистратураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдарға шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте, шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.

Перечень пререквизитов для поступающих на родственные специальности магистратуры КАТУ им.С.Сейфуллина на 2020-2021 учебный год

Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары
6M012000 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша)
6M042000 – Сәулет
6M042100 – Дизайн
6M050600 – Экономика
6M050700 – Менеджмент («Аграрлық менеджмент» мамандандыруы)
6M050800 – Есеп және аудит
6M050900 – Қаржы
6М051100 – Маркетинг
6M070100 – Биотехнология
6M070300 – Ақпараттық жүйелер
6M070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6М071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялар
6М0717 00 – Жылу энергетикасы
6M071800 – Электр энергетикасы
6М071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
6М072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
6М072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (қолдану аймағы бойынша)
6М072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
6M073200 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)
6М080100 – Агрономия
6M080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
6M080300 – Аңшылықтану және аң шаруашылығы
6M080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
6M080600 – Аграрлық техника және технология
6M080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы
6M080800 – Топырақтану және агрохимия
6M081100 – Өсімдіктерді қорғау және карантин
6M090300 – Жерге орналастыру
6М090700 – Кадастр
6M120100 – Ветеринарлық медицина
6M120200 – Ветеринарлық санитария