Бакалавриат

Құрметті студенттер!

Білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, оқу орындарының басқа қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 жарлығының шешімі негізінде «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ 2019-2020 оқу жылының үшінші триместрінің сабағын қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізеді.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері Кәсіпкерлік, мансап және бизнесті дамыту орталығымен (КМжБО), кафедралармен және тәжірибе жетекшілерімен келісе отырып, жеке қосымша кесте бойынша жүзеге асырылады.

Сіздер, осы бетте өздеріңіздің академиялық қызметтеріңізге қатысты ақпаратпен таныса аласыздар. 

Академиялық күнтізбе Сіздерге, академиялық жылды жоспарлауда қажетті, оқу үрдісінің негізгі күндерін көрсетеді; Анықтамалық жолсілтеуішінде – білім алушыларға қатысты барлық ақпараттар жинақталған; босаған бос грант орындары туралы ақпарат босаған бос грант орындарын алу үшін конкурсқа қатысу тәртібін және мамандықтар бойынша бүгінгі таңдағы жалпы жағдайды ашып көрсетеді; Жазғы семестрді ұйымдастыру және т.б.

Қосымша сұрақтар туындағанда Сіздер факультет деканатынан сұрап біле аласыздар.

Академиялық күнтізбе
Анықтамалық-жолсілтеушісі
Жазғы семестр каталогы
Академиялық рейтингі
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен білім беру несиелері