Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары ауылшаруашылығы экономикасы, өсімдік шаруашылығы, егіншілік, агрохимия және топырақтану, өсімдіктерді қорғау, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдіктер және жануарлар биотехнологиясы, жерге орналастыру, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрмен қамтамасыз ету және де гуманитарлық бағыттары бойынша жүзеге асады.


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

Мемлекеттік және бюджеттен тыс қаржы көздерінің есебінен университетте іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүзеге асуда.

Ғылыми зерттеулердің тиімділігін көтеру мақсатында университетте ғылыми-зерттеу институттары, платформалары, орталықтары құрылды.

Факультеттердің ғылыми-зерттеу қызметі
- Агрономия факультеті
- Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
- Техникалық факультет
- Энергетикалық факультет
- Экономикалық факультет
- Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті
- Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті
- Гуманитарлық факультет