Құқықтық сауаттылыққа байланысты ақпарат

Құрметті білім алушылар! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студент-жастардың құқықтық сауаттылықтарын қалыптастыруды мақсат етеді.

Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі - құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу. Осы себеппен біздің оқу орнымызда оқитын, әрбір студент-жас сауатты болуы тиіс. Яғни, ішкі ережелерін орындап және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды білуі міндетті.

Осыған орай қылмыстық (adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226) құқық бұзушылықтың және әкiмшiлiк (adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235) құқық бұзушылықтың алдын алу үшін заңнамалардан үзінділерді біліп жүргендеріңіз абзал!

Назар аударыңыздар!

Қазіргі уақытта оқу орнымыздың ішкі тәртібін бұзған студент университетіміздің электрондық базасында есепке алынады. Егер студент тарапынан тәртіп бұзушылық қайталанса, Сарыарқа ауданының учаскелік полиция бөліміне тіркеуге жіберілетінін назарға алуларыңызды сұраймыз!

«С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАТУ» АҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ 2019-2020 оқу жылында жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары

Құқықтық сауаттылыққа байланысты ақпарат

«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ білім алушыларына жатақхана беру тәртібі туралы ереже