С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма Төрағасының студенттерге жолдауы

Құрметті студенттер!

Міне, біз бір жылдан бері әр қазақстандықтың күнделікті өміріне айтарлықтай өзгертулер енгізген пандемия жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Карантиндік шектеулер негізінен оқу процесіне әсер етті, сондықтан сіз оқудың жаңа шарттарына тап болдыңыз. Алайда, өткен 2020 жыл сіздің қашықтықтан оқыту форматын ойдағыдай меңгергеніңізді және сапалы жоғары білім алу мақсатыңызға қарай сенімді түрде жүре беретіндігіңізді көрсетті.

Осы аралықта университет басшылығы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда көптеген жұмыстар атқарды. ҚАТУ-дың барлық ПОҚ-ның қиын-қыстау кезеңдегі басты назары - сізге сабаққа қатысу арқылы алатын толық білім көлемін беруге бағытталған.

Қазір гигиеналық талаптардың сақталуына үлкен көңіл бөлінуде. Университетте зарарсыздандырғыштар орнатылды, ғимаратқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Сізді де қауіпсіздік шараларын ұмытпауға және өз денсаулығыңызбен, жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасауға шақырамын.

 

Басқарма төрағасы Қ.Қ. Айтуғанов