Студенттік жатақханалары

Университет меншігінде 7 студенттік жатақхана бар. Жатақханаларда студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған.

Жатақханадағы әлеуметтік тұрмысты жақсартып, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бағытында да жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Аталған бағытта №2а, №2б, №5, №6, №7, №3 (Щучинск қаласында), №8 жатақханаларға орнатылған бейне-бақылау құрылғылары жатақханадағы тазалық жұмыстарын реттеуге, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға өз  септігін  тигізуде.

Жатақханаларда тренажер залдары және шаштараз, тігін тігу шеберханасы, телефон балансын толықтыру терминалдары қызмет көрсетеді. Әрбір жатақханада студенттік асхана жұмыс жасайды. Онда кешенді тамақтану 330 теңге көлемінде сақталып отыр. Студенттік жатақханаларда 1 айлық тұру ақысы 7000 теңгені құрайды.

Барлық жатақханада IDTV, ID Phone және 1 Гб/с жылдамдығымен Интернет желісі іске қосылған. Студенттік жатақхананың әр бөлмесі ғаламтор жүйесімен, тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген. Студенттердің ұсыныстары бойынша барлық жатақханаларда сабаққа дайындалу бөлмелері, компьютерлік сыныптар, кір жуу бөлмелері жабдықталған.

Сонымен қатар, №7, №6 жатақханалар жанында шағын футбол алаңдары орналасқан.

Университет ректоры А.Қ. Күрішбаевтың басшылығымен 2012-2015 жылдарға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары қабылданып, аталған бағдарлама шеңберінде 800 орындық студенттік жатақхана салынды.

Студенттік жатақханалардағы өзін өзі басқару жүйесі жайлы айтар болсақ, бұл жүйенің өзіндік орны мен қалыптасқан дәстүрлері баршылық деп айтуға болады. Университеттің 60 жылдық тарихында студент-жастар өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен белсенділігі арқылы көзге түсіп келеді.

Бүгінде жастар қалыптасқан игі дәстүрлерді дамытып, университет абыройын арттырып жүргендері ауыз толтырып айтарлықтай.

Оқу орнымыздағы Студенттік өзін-өзі басқару – университет білімгерлерінің өміріне ғана емес, басқа жоғары оқу орындарының студенттеріне де үлгі. Әсіресе, студенттік өзін-өзі басқарудың жатақхана жастары үшін табысты болғанын атап айта аламыз. Онда Студенттер кеңесі жатақханадағы ережелерді сақтау, тұрмыстық қажеттілікке сай жағдай жасау мәселелері бойынша маңызды жұмыстар атқарады. Соңғы жылдары қалыптасқан жүйе бойынша жатақхананың Студенттік кеңесі шешім қабылдау құқығына ие болды. Яғни, университет басшылығы студенттерге сенім арту арқылы жатақхана тәртібін қамтамасыз ететін оңтайлы әдісті таңдады.

Бүгінде студент-жастардың қалауымен жатақханааралық Студенттік лигаларды ұйымдастыру дәстүрге айналуда. Атап айтсақ, футбол, волейбол, баскетбол лигалары, үстел тенисі, тоғыз құмалақ лигалары құрылған.

C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жатақханасына 1-курс студенттерін орналастыру тамыз айында қарастырылады (нақты уақыты хабарландыру арқылы айтылады).

Ал жоғары курс студенттерінің өтініштері тәртібіне, қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігіне қарай оқу жылының соңында (мамыр айында) қарастырылады.

            

Жатақханаға орналасу тәртібі

«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ білім алушыларына жатақхана беру тәртібі туралы ереже

2б жатақхана
5 жатақхана
6 жатақхана
7 жатақхана

8 жатақхана