1 наурыз - Алғыс айту күні

1 наурыз - Алғыс айту күні

Елбасының бастамасымен Алғыс айту күні терең тарихи мағынаға ие. Бұл күні біз еліміздің тарихындағы қатал кезеңдерде қазақстандықтардың ең асыл адами қасиеттері - мейірімділік, жанашырлық, өзара көмек, жанқиярлық танытқандығын еске аламыз. Бүкіл әлемдегідей мерекенің үлкен бір атрибуты -  қайырымдылық. Бұл күннің ең жақсы дәстүрі - айналаға қарап, мұқтаж жандарға көмек қолын созу.

      Сонымен қатар, Алғыс айту күні сіздің жылы лебіздеріңізді білдіруге және туыстарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге алғыс айтуға мүмкіндік береді.

     Құрметті студенттер! Әріптестер! Университетіміздің игілігі үшін бірлескен үлкен ұжымда еңбек етушілер! Мен баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің игі істеріне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын!

 

               Басқарма төрағасы                                                      Қ. Айтуғанов