«ХХI ғасыр: жаһандану және ұлттық этноқұндылықтардың сақталуы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті

«ХХI ғасыр: жаһандану және ұлттық этноқұндылықтардың сақталуы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті

2021 жылдың 1 наурызында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың Гуманитарлық факультетінің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «ХХI ғасыр: Жаһандану және ұлттық этноқұндылықтардың сақталуы мен дамуы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық онлайн семинар ZOOM платформасында  өткізілді. Семинарға Түркия, Өзбекстан, Қарақалпақстан және Қазақстаннанның белгілі ғалымдары қатыстып, жаһандану заманындағы өскелең ұрпақтың ұлттық болмысын, ұлттық рухы мен таным көкжиегін берік қалыптастырудағы ұлттық тіл, мәдени- рухани құндылықтар, дәстүр жалғастығы мен даналық ізгі-қасиеттердін дәріптеудің маңыздылығын айқындап, мәнін зерделеді.

Ғалымдар сан ғасыр сабағы үзілмеген, тамыры терең бабалар мұрасын ізбасар ұрпаққа қаймағын бұзбай аманат ету, қазаққа ғана емес, барша түбі бір түркі халықтарына тән ізгілік пен даналықтың асқақ үлгісін келешекке мирас ету – ортақ мүддеміз деген  ортақ  пікірлерін білдірді.

Семинардың мақсаты –ұлттық болмыс, ұлттық сана, ұлттық түр-тұрпат пен тұлғаның ішкі мазмұны жаһандану жұмырында жалпыланып кетпеуі, даралық пен даналық қасиетімізді келешекке сабақтастыру.

Семинардыуниверситеттің Халықаралық ынтымақтастық және көптілді оқытуды дамыту орталығының директоры С. А. Мейрамова ашып, осындай ғылыми -әдістемелік, тәрбиелік шаралардың халықаралық әріптестікті нығайтудадағы орны  ерекше екендігін атап өтті.

Семинарда: Фырат университетінің (Түркия) докторы, профессоры Эржан Алкайа, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д. А.Б. Салқынбай, Неджмеддин  Эрбакан университетінің (Түркия) доценті, доктор Сердар Дерман, Селжүк университетінің (Түркия) PhD докторанты Санан Казимов,«Тіл» орталығының Түркиядағы өкілі, ф.ғ.к. Г.С Құлназарова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ф.ғ.к. Б.С. Қорғанбеков., ТашМАУ (Өзбекстан) оқытушылары: Н.З.Рахимджанова, Ф.Т. Исанова, Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының (Қарақалпақстан) доценті, PhD Т.А.Торткулбаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, ф.ғ.к. А.Е. Айтбаева және С.С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дан: ф.ғ.д.,профессор Р.Ө. Туксаитова, ф.ғ.к., доцент А.С. Нұржанова,  аға  оқытушы  Ж.М Төлеужановалар мазмұндыбаяндама жасады.

Семинар соңында Гуманитарлық факультет деканы, ф.ғ.к. Б.Қ. Аяпбергенов, Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, п.ғ.к. А.Ш. Тлеулесова семинардың негізгі мақсатына тоқталып, мазмұнын түйіндеді. Семинар модераторы – кафедра доценті, ф.ғ.к. А.С.Нұржанова болды.

Семинарға қатысушылырға сертификаттар табысталды.

Семинарды ұйымдастыруға кафедра меңгерушісі профессор А.Ш. Тлеулесова, ф.ғ.к., доцент А.Ш.Альбекова, аға оқытушы, ф.ғ.к. Д.Д. Бисмильдина, п.ғ.м. А.А. Зияхан зор үлес қосты.

Семинар материалдары жинақ түрінде С.С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасынан  шықты және электрондық нұсқасы да жарияланды.

Бұл семинардың жастар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру бағытында ұтымды ұстанымдар мен тиімді әдістерді қалыптастыруда оң ықпал етері сөзсіз.