Жұмыс жәрменкесі онлайн жүйеде өтті

Жұмыс жәрменкесі онлайн жүйеде өтті

Жұмыс жәрменкесі бүгінде дәстүрге айналып кеткен ZOOM жүйесі арқылы ұйымдастырылды. Шараға факультет деканы Ә.Б.Аруова  арнайы қатысып шараны өзінің кіріспе сөзімен бастады. Сонымен қатар, жұмыс жәрменкесіне Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі  Ж.Е Зулпыхар, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі А.Д.Адамовалар да қатысып жұмыс қарастырушы түлектерге өз кеңестерін берді.

         Шараға еліміздің түкпір түкпіріндегі ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласында қызмет жасайтын түрлі мекемелердің басшылары мен арнайы мамандары өздерінің мекемелері жайында баяндады және қажетті маманның тиімділігі туралы ақпарат берді. Атап айтатын болсақ;  "НАТ Казахстан"АҚ, «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ, " Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "BIGroup", "MAXICO" ЖШҚ , "SmartSortKazakhstan" ЖШС, "TERRAPOINT Ауылшаруашылығын автоматтандыру" мекемесінен, «Республикалық студенттер қозғалысы» «АСК», т.б мекемелерден арнайы мамандар қатысып талапкердің сауалдарына толық жауап бере отырып өздерінің мекемелері жайындағы арнайы презентация жасады. Алған мамандықтары бойынша  жұмыс істеуге талаптанып шараға қатысқан жастар өз таңдауларын жасап мамандармен жекелей және тікелей пікір алмаса отырып өз түйіндемелерін ұсынды.