ҚазАТУ-дың жас ғалымдары 7 жоба бойынша грант ұтып алды

ҚазАТУ-дың жас ғалымдары 7 жоба бойынша грант ұтып алды

Ғылымның  басым бағыттары негізінде Ұлттық ғылыми кеңестің хаттамалық шешімімен 7 жоба мақұлданды:

(2021 жылғы 1 ақпандағы №1 мәжіліс хаттамасына №2 көшірмесі): «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі»

1) № AP09058301 «Түрлі жаңғақ өнімдерінің афлатоксинмен ластануы және оларды залалсыздандыру әдістерін жасақтау» (жетекшісі - Л.Т Аутелеева.);

2) № AP09058176 «Трихиноз диагнозына арналған экспресс-тест» (жетекшісі - О.С.Әкібеков);

3) №AP09058213 «Ет өнеркәсібінің дәстүрлі емес шикізатынан балалар тағамына арналған ет өнімдерінің жасау технологиясы» (жетекшісі - Қ.Қ. Мақанғали);

«Өмір және денсаулық туралы ғылым» (2021 ж. 27 қаңтардағы № 1 мәжіліс хаттамасы №2 көшірме):

4) №AP09058175 «Қазақстанда құнды балық түрлерінің репродуктивті жасушаларының криобанкін құру» (жетекшісі - А.С. Асылбекова);

«Су ресурстары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, экологияны ұтымды пайдалану» (2021 ж. 29 қаңтардағы № 2 мәжіліс хаттамасы №1 үзінді):

5) № AP09058149 «Темірбетон бұйымдары мен қатты қалдықтардың электр-разрядтық жойылуы және оларды қайта өңдеп кәдеге жаратуды зерттеу мақсатындағы жылжымалы кешенді дамыту» (жетекшісі - Е.Ж.Сарсикеев );

«Энергетика және машина жасау» (2021 ж. 25 қаңтардағы № 1 мәжіліс хаттамасы № 3 көшірме)

6) № AP09058166 «Полимерлер, минералдар және наноаддитивтер негізінде жөндеуге арналған композициялық қоспалардың негіздемелерін әзірлеу арқылы ауылшаруашылық машиналарының бөлшектерін қалпына келтіру мен сапасын арттыру» (жетекшісі - Г.А.Кокаева);

7) №AP09058186 «Электр энергиясын тасымалдау және тарату кезінде электр энергиясының қосымша шығындарын анықтаудың әдістемесі мен компьютерлік бағдарламаларын  жасау» (жетекшісі - А.Б. Жантлесова).

Біздің жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай келе жобаның сәтті жүзеге асырылуын тілейміз!