Миланда (Италия) қос диплом бағдарламасы бойынша оқыған түлектерге дипломдар табыс етілді

Миланда (Италия)  қос диплом бағдарламасы бойынша оқыған түлектерге дипломдар табыс етілді

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың  Басқарма Төрағасы Қайрат Айтуғанов екіжақты магистрлік бағдарлама бойынша оқыған түлектерге Милан (Италия) DegliStudiDiMilano Университетінің дипломдарын салтанатты түрде  табыс етті.

         Қайрат Айтуғанов түлектерге университет атын лайықты ұстап  құрметтегені үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Айта кететін жағдай, барлық бітіруші азаматтар қазақстандық жетекші компанияларда өз мамандықтары бойынша IT-саласында жұмыс істейді. Басқарма төрағасы толық құқықты магистранттарға ендігі жерде  ҚазАТУ-дың докторантурасына түсуге өтініш бере алатынын атап қтті. Сонымен қатар Милан университетінің дипломы жастарды ағылшын тілі емтиханын тапсырудан босататынын атап өтті.

- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Қазақстан, Нұр-Сұлтан) мен Милан университеті (Италия, Милан) арасындағы екіжақты магистрлік бағдарлама туралы келісім ҚазАТУ-дың Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және көптілді білім беру орталығы мен 2014 жылдың маусымында қол қойылған. Жалпы осы кезеңнен бастап, қазіргі түлектерді қосқанда, 13 магистрант бір уақытта екі университеттің дипломын алудың ерекше мүмкіндігіне ие болып отыр, - деді Ақпараттық технологиялар  кафедрасының меігерушісі Жандос Еңсебекұлы Зұлпыхар.

Сонымен, келісімшартқа сәйкес Милан университетінде білім алғысы келетін  студенттер ағылшын тілінен тест тапсыруы керек және базалық білімдерінің жоғары болуы шарт.  Дәл осы критерийлер бойынша 6М070300-Ақпараттық жүйелер мамандығының магистранттары арасында таңдау жасалды. 2019 жылдың мамыр айында университетте екі жақты магистратураға түсушілер арасында ағылшын тілінен емтихан тапсыратын арнайы комиссия құрылды. Осылайша 6M070300-Ақпараттық жүйелер мамандығының магистранттары, Ғалымжан Амангелді, Айдана Асылханова, Жансая Бегдазым, Қуаныш Ораз және Нұржан Шүкірбаев емтиханды сәтті тапсырып, 2019 жылдың қазан айында Италияға оқуға кету құқығына ие болды.

Милан университетіндегі оқу ақысын ҚазАТУөз мойынына алған.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына ҚазАТУ оқытушылары жетекшілік етті. Олардың қатарында  т.ғ.к. Айтимова У.З., ф.ғ.к. Исмаилова А.А., т.ғ.к. болды.

2020 пандемиясы салдарынан  білім беру дүйесіне қайтадан жаңаша түзетулер енгізді. Осылайша 2020 жылдың 27 мамырда ZOOM платформасы арқылы екіжақты магистратураны толық аяқтаған 2 курс магистранттарының тезистері қорғалды. Қорғауға Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері, Милан университетінің өкілі, т.ғ.д., профессор Винченцо Пиури арнайы қатысып отырды.  Нәтижесінде барлық магистранттар диссертацияларын сәтті қорғап шықты.

Жастар өздерінің оқулары туралы ойларымен бөлісті.

Қуаныш Ораз:

- Біз Миланның DegliStudiDiMilano (UNIMI) Университетінде оқыдық, Милан университетінің арнайы кураторы және академиялық кеңесшісі болды. Олармен бірге болған кезімізде бірге жұмыс істедік. Диссертация біздің университет пен Милан университетінің жетекшілерімен бірлесіп жазылды. Бұл сапар маған көп нәрсе берді. Біздің елдерімізді сырт елмен салыстыру мүмкіндігі болды. Мен енді Италияның да  Қазақстан сияқты өзінің табиғаты, ұлттық тағамы мен  сәулет өнеріне бай екенін білемін.

Нұржан Шүкірбаев:

-Магистратураның 1-курсында мен екі дипломды бағдарлама туралы біліп, қатысуға өтініш білдірдім. Барлық дайындық сәттерін аяқтағаннан кейін, құжаттар жинап, біз Италияға ұшып бардық бірден оқу басталды. Университетте бізге зертханаға және университеттің электронды кітапханасына баруға  рұқсат берілді. Біз «жүйелік желілер», «фуззисистемалар және эволюциялық компьютеринг» пәндерін өттік. Ғылыми кеңесшімен бірге диссертациямен жұмыс істеу кезінде  қателіктер де болды. Пандемияға байланысты біз Қазақстанға мерзімінен бұрын оралып, қашықтықтан оқытуға көштік. 2020 жылдың маусым айында біз оқуымызды аяқтап, диссертация қорғадық.

Бұл сапар маған жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік берді.

Ғалымжан Амангелді:

- Қос дипломды бағдарламаның түлегі болу үшін екі университеттің бірлесіп ұйымдастырған қабылдау емтихандарын тапсыруға тура келді. Талапкерлер көп болды, бірақ тек бес магистрант таңдалды. Тренинг қарқынды жүргізілді. Көп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға мүмкіндік туды. Шетелдік профессорлармен өзара әрекеттесіп жұмыс жасау өзіме ұніды.  Бұл сапар ойлаудың көкжиегін кеңейтті десем болады. Біз тек өз мамандығымыз бойынша ғана емес, сонымен қатар қызықты өмірлік тәжірибеге де жаңа көзқарас қалыптастырдық. Диплом бізге алты айға кешігуімен беріледі - мұндай түзетулер коронавирустың қалыпты өмірге өзінің кері әсерін тигізді дер едім.  Енді мен оқуды әрі қарай дамытуды жоспарлап отырмын, өйткені жетілудің шегі жоқ.

Айдана Асылханова:

-Италияда оқу - бұл барлық басқа еуропалық елдермен салыстырғанда қызықты. Көрікті жерлерінің саны көп елді аралап шығудың тартымды мүмкіндігі туды дер едім.

Керемет сәулет қатты әсер етті.  Әр басқан қадамыңыз бер айналаңыздағы ортаға қарап көз тоймайды. Мұражай терезелеріндегі көріністер сіздің жаныңыздың өзін  таңдандырады! Милан соборы, Сфорцеско сарайы, Брера сурет галереясы және Заманауи өнер мұражайы сияқты кез-келген турист міндетті түрде баруға болатын орындарға барғаннан кейін таңқалысымды жасыра алмадым!

Мен өзімді бұрын белгісіз әлемнің адамындай сезіндім. Басқа мәдениет пен дәстүрлерді байқадым. Осылайша әлемді басқа қырынан таныдым. Маған менің ой-өрісімді кеңейтуге мүмкіндік бергені үшін ҚазАТУ-ға рахмет және сапар өте ұзақ емес болғанына қарамастан, мен осындай керемет елге бара алғаныма өте қуаныштымын.

Біздің Милан Университетінің супервайзері Винченцо Пиури бізге диссертация жазу кезінде нақты белгіленген мақсаттармен нақты бағыттар берді. Ол бізге диссертацияның әр бөліміне дұрыс уақыт бөліп, бірінші бөлімін аяқтамай, екінші секіруге өтугеболмайтынын үйретті.  Осыдан кейін мен өзін-өзі басқаруды үйрендім деп ойлаймын.

Жансая Бегдазым:

-Бұл шынымен де ұмытылмас сапар болды. Осындай ерекше мүмкіндік үшін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ әкімшілігі мен оқытушыларына барлығымыздың атымыздан  алғыс айтамын. Біз өз білімімізді тереңдетіп, тілді жетілдіріп келдік. Енді болашаққа сеніммен қараймыз.