Серіктестік пен әлеуметтік жауапкершілік мәселелері қаралды

Серіктестік пен әлеуметтік жауапкершілік мәселелері қаралды

А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ұжымы үшін биылғы мерейтойлық жыл бұл жаңа бетбұрыс пен мақсатты дамудың кезеңі болып отыр. Орталықтың 2021-2024 жылдарға арналған Даму стратегиясын ескере отырып түбегейлі жаңашылдық қайта қаралуда. Ғылыми-өндірістік іс-шаралардың белгіленген заманауи менеджментке сәйкес жүзеге асырылу дәрежесі қазіргі басшылықтың интеграцияланған инновациялық тәсіліне ғана емес, сонымен қатар Орталықтың жұмыс күшінің әрбір мүшесінің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты деп аталып өтті бүгінгі отырысты.

С.Сейфуллин атындағы  ҚАТУ КеАҚ Басқарма Төрағасы Айтуғанов Қ.Қ, Шортанды ауданының әкімі Қасенов Г.К қатысуымен А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ұжымы арнайы кездесіп жоғарыда айтылған даму мәселелерін пысықтады.

Кездесуінде Қайрат Қапарұлы зерттеу университеті мен оның филиалдарының алдында тұрған үш жылдық даму кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді нақты атап өтті. Ең алдымен адамның ғылыми әлеуетін жақсарту көзделгендігі белгілі болды. Еншілес компаниялармен бірге «ҚАТУ-дың 2020-2024 жылдарға арналған даму бағдарламасының» басым бағыттары бойынша кешенді ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру, тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. ҚАТУ студенттері мен докторанттарына, сондай-ақ Орталық қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын қайта қалпына келтіру мәселесі назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ол жергілікті атқарушы органдармен бірге жеке үй учаскелеріндегі бизнесті дамытуға және кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыруға назар аударды.

Аудан басшысы Гайдар Қабдуллаұлы өз сөзінде әсіресе облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде Научный кентінің институционалдық және инфрақұрылымдық дамуы мәселелері алаңдататындығын өте қызығушылықпен атап өтті. Қазіргі заманғы талаптарға бұл жердің сәйкес келмейді және үнемі сынға ұшырап келе жатқандығын айтты. Сондықтан, оның тарапынан жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдардың көмегі және аудандық, облыстық мәслихаттар депутаттарының күш-жігері арқылы бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешуге барлық қолдау көрсетілетінін баса айтты.

А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Басқарма төрағасы Н.А.Серекпаев, орталықтың 2021-2024 жылдарға арналған даму стратегиясы турылы толықтай баяндап берді. Бұл инфрақұрылымды модернизациялау және цифрландыру арқылы ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымды реформалау арқылы мақсатты аймақтағы жоғары технологиялық ауылшаруашылық өндірісін дамыту керектігін сөз етті.  Орталық ғылыми қызметкерлерінің, жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінің белсенді қатысуы, студенттерге практикалық білім алу мүмкіндіктерін ұсына отырып, өздерінің ғылыми нәтижелері мен алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми жетістіктері негізінде тәжірибеге бағытталған бірегей білім беру бағдарламаларын іске асыру, зерттеушілердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін, оның ішінде ғылыми-зерттеу қызметін оқытумен ұштастыру, ғылыми нәтижелерді ілгерілету, ғылыми әзірлемелерді практикалық пайдалану үшін перспективалы білімді коммерциялау және тарату мен қатар  Орталықтың серіктестік ортасын кеңейту туралы толыққанды баяндап берді.

ҚАТУ-дың «Жеке үй телімдері арқылы бизнесті дамыту» әлеуметтік бағдарламасы аясында, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ жергілікті кәсіподақ төрағасы С.Қ.Айтхожин, кездесуге қатысушыларға Қарағанды ​​облысының ауылдық округтерінің бірінде бекітілген «Құс ауладан үстелге» жобасы және оны Дамсы ауылдық округінде жүзеге асыру жолдары ұсынылды. Бұл бастаманы тараптардың жергілікті кәсіподақ, жергілікті әкімдік және аудан тұрғындарының мүдделі көзқарастарымен жалғастырған жөн. Оны жүзеге асыру белгілі бір аудандағы халықты жұмыспен қамту мәселелерін жеңілдететінін атап өту өтті.

Алғашқы қадамдардың бірі - демалыс орнына ақысыз саяхат жасай отырып, санаторий-курорттық емделуге ақысыз жолдамалар тарату шаралары болды. Кәсіподақтың алғашқы 20 мүшесіне салтанатты жағдайда сертификаттар табысталды. Орталықтың қатарында Л.А.Ищук назардан тыс қалмады. Сонымен берге Л.А.Воробьева да болды.