Қазақ және орыс тілдері кафедрасы «Елтану: тіл, тарих және мәдениет» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Гуманитарлық факультеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасы «Қазақстанның солтүстік өңірінің ақын-жазушыларының тілі» ынталы тақырыбындағы ғылыми жоба аясында 2021 жылдың 27 ақпаны күні сағат 10.00-де «Елтану: тіл, тарих және мәдениет» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысына ғалымдар, қоғам қайраткерлері, педагогтар, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

- Тарих, қоғам және мемлекет;

- Лингвистиканың заманауи бағыттары, тенденциялары;

- Тілді оқытудағы инновациялық технологиялар;

- Әдебиет пен мәдениет – руханият негізі;

- Қазақстанның солтүстік өңірінің ақын-жазушыларының тілі.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференцияның өткізілу уақыты: 2021 жылғы 27 ақпан, сағат 10.00.

Жұмыс форматы: Zoom платформасында, онлайн конференция. Конференция сілтемесі мен идентификаторы конференцияға шақыру және конференция бағдарламасымен қоса жіберіледі.

Конференцияға қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 24 ақпанға дейін электрондық түрде қабылданады: e-mail: banu.rezuan@mail.ru

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының электронды жинағы шығарылады.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – 5 беттен артық емес, Microsoft Word редакторында; шрифті Times New Roman, кегль 14; жоларалық интервал – бір; абзац – 1,25 см, абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады; өрістер: жоғарғы және төменгі – 2, сол – 3, оң – 1,5; жолдың ортасына баяндаманың атауы бас әріптермен қою түспен орналастырылады. Бір интервалдан соң жолдың ортасына автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйым атауы) курсивпен және бір интервалдан соң ел, қала, e-mail курсивпен орналастырылады. Екі интервалдан соң 1,25 см азат жолдан 12 кегль курсивпен, мақала бойынша аннотация екі тілде (орыс, ағылшын) және бір интервалдан соң мақала мәтіні беріледі.

Ғылыми дереккөздерге сілтемелер төртбұрышты жақшада реттік нөмірмен (мысалы, [1, 65]) мақала мәтінінің соңында орналастырылған пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес көрсетілуі керек.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Жауапты: п.ғ.к., қауым. профессор Тлеулесова А.Ш., ф.ғ.к., доцент Резуанова Ғ.К.

Туындаған мәселелер бойынша төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады: 8747-3-945-945 (тел. және уатсап) Резуанова Ғалиябану Қабиқызы

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

1.      

Аты-жөні толығымен

2.      

Жұмыс орны, лауазымы

3.      

Ғылыми дәрежесі және атағы

4.      

Байланыс адресі мен телефоны

5.      

e-mail:

6.      

Бағыты

 

7.      

Баяндама тақырыбы

Құрметпен ұйымдастыру комитеті