«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ -ның зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссиясы

Төрағасы:

И.Т. Тоқбергенов - Басқарма Төрағасының ғылым, инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, ф.-м. ғ.к.;

Комиссия мүшелері:

В.С.Киян – Ғылым департаментінің директоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, этикалық бағалау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары;

Қ.А.Сарбасова – академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, п.ғ.д., профессор;

А.Ө.Сауғанбаев - патент жүргізуші, коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісінің м.а.;

Т. А.Құсайынов - «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры, э.ғ.д.;

А.А.Терлікбаев - биологиялық және медициналық этика жөніндегі жергілікті комиссияның төрағасы (объектісі жануар болып табылатын зерттеулер жүргізу үшін), «Ветеринариялық медицина» кафедрасының доценті, в.ғ.к.;

Ж.С.Булхаирова - Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD докторы, «Экономика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Комиссияның шешімімен диссертацияны зерттеу бағыты бойынша университет ғалымдары талқылауға қосымша шақырылуы мүмкін.

Комиссия хатшысы:

Н. К. Қоқымбекова – Ғылым департаментінің маманы;

Комиссия жұмысының ережесі және құжаттар тізімі (анықтама беру үшін)

Зерттеудің этикалық бағалау жөніндегі комиссиясының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ айына 2 реттен көп емес.

Комиссияның қарауына құжаттар отырысқа дейін 5 күн бұрын келесі тізбе бойынша қабылданады:

- Комиссия төрағасының атына өтініш (мына жерден жүктеп алыңыз)

- докторанттың диссертациясы, ғылыми-зерттеу жобасы / немесе басқа ғылыми жұмыс;

- ғылыми кеңесшілердің /ғылыми жетекшілердің пікірлері;

- диссертация, ғылыми-зерттеу жобасы немесе өзге де ғылыми жұмысы орындалған кафедраның (құрылымдық бөлімшенің) қорытындысы;

- биологиялық және медициналық этика жөніндегі жергілікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы (объектісі адам немесе жануар болып табылатын зерттеулер үшін) (қажет болған жағдайда).

Ескерту: төтенше жағдай және/немесе карантин режимінде барлық құжаттар PDF форматында Ғылым департаментінің электрондық поштасына жіберіледі: kazatu_nich@mail.ru

Комиссияның отырысы онлайн-форматта өтеді, міндетті түрде диссертацияның авторы мен отандық ғылыми кеңесшісі шақырылады.