Әкімшілік

Айтуғанов Қайрат Қапарұлы

Басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының докторы,

Тел.: 8(717)2-31-75-47,

Е-mail: kazatu2708@mail.r

Айтуғанов Қайрат Қапарұлы 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын үздік тәмамдап, агроном ғалым біліктілігін алды. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "инженер - экономист" біліктілігі бойынша бітірген.

1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасын тамдаған.

Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1984 жылы топырақтану кафедрасының ассистенті қызметінен бастады. 1985-1986 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. Әскери атағы-аға лейтенант.

1987-1989 жылдар аралығында агроном, аға агроном-тұқым өсіруші, кеңшардың бас экономисі болып жұмыс істеді.

1990 жылдан 1992 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары және Көкшетау облысы аудандық әкімшілік жоспарлау бөлімі төрағасы қызметтерін атқарды.

1992 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қазанына дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

1996-2005 жылдары Көкшетау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бөлім бастығы, Астана қаласындағы "Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы, Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банк) "Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау" жобасын басқарды.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың шілдесі аралығында Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" ӘКК "ұлттық компаниясы" АҚ қаржы директоры, орынбасары, бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеді.

2012 жылдың шілдесінен 2016 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "ҚазАгро "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың 27 тамызынан - "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті"  КеАҚ Басқарма Төрағасы  болып тағайындалды.

"Құрмет" орденімен және 5 мемлекеттік медальмен марапатталған.

 

 


«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы, педагогика ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚПҒА академигі

тел. 8(717)2-393918, email: abdyrov@rambler.ru

1984 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығын тәмамдаған.
1990 жылы И.В.Мичурин атындағы Жеміс-көкөніс институтында (Мичурин қ.) аспирантураны бітірген соң, Тамбов химиялық машина жасау институтында  техника ғылымдары кандидатты ғылыми атағын  алды.

1995 жылы «Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру және электрлеу» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2006 жылы (Түркістан қ.) Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдары докторлығы ғылыми атағын қорғаған.

2008 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

 (1984 – 1987 жж.) Еңбек жолын Целиноград Ауылшаруашылық институтының азық өндірісі лабораториясының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.

Кафедраның ассистенті, аға оқытушысы болып жұмыс істеді. Аталмыш университет студентінен университеттің бірінші проректоры қызметіне дейін көтерілген.

1990 - 1992 жылдар аралығында технологиялық процесстерді механизациялау кафедрасының меңгерушісі, 1992-1993 жылдары ауыл шарушалығын механизациялау кафедрасының деканы болып қызмет еткен. 

1999-2004 жылдары ЖОО дейінгі дайындық факультетітінің деканы болып жұмыс істеген.

2004 жылдан бүгінге дейін «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротхеникалық университеті» КеАҚ төрағасының бірінші орынбасары (бірінші проректор) болып жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2005 ж.), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2006 ж.), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен (2007 ж.), «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен (2008 ж.), «Академик А.И.Бараевтың туғанына 100 жыл»  естелік медалімен (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» (2008 ж.) «Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту» төсбелгісі (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011 ж), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті  қызметкері» атағымен (2011ж.), «Профессор М.А. Гендельманның туғанына 100 жыл» естелік медалімен (2013ж.) марапатталған.


Басқарма төрағасының ғылым, инновациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Тоқбергенов Исмаил Тасанбиұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты

Тел.: +7(7172) 31-75-64
Электрондық пошта: titssp@mail.ru

1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін физика және информатика мамандығы бойынша бітірді.

1996-2003 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы және аға оқытушысы, сонымен бірге Эстониядағы Тарту университетінің физика институтында докторант, постдокторант және аға ғылыми қызметкері болған.

2003-2007 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің инновациялық орталығының директоры қызметін атқарды.

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнология орталығында ғылым департаментінің директоры және даму жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарды.

2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  «ҚазАгроИнновация» АҚ Ғылым және инновацияларды дамыту департаментінің директоры, ғылым жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.

2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС технологиялық аудит бөлімінің бастығы және жүйелік талдау бөлімінің бастығы «Қарағанды ​​энергетикалық орталығы» ЖШС риск-менеджері лауазымдарын атқарды.

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ технологияларды трансферттеу және коммерциализациялау орталығының директоры, басқарушы директор қызметін атқарды.


2017 жылдан бастап «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасының ғылым, инновациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.


Тәрбие жұмысы жөніндегі «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жайнагүл Айтмағанбетқызы Құсайынова, филология ғылымдарының докторы

Тел: 8(717)2-31-75-25

E-mail: dvr.katu@mail.ru

1989 жылы Жезқазған педагогикалық институтына түсіп, 1994 жылы аталған оқу орнын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі біліктілігі бойынша үздік дипломмен бітірген.
1994-2007 жылдары  жылдар аралығында Ө.А.Байқоңыров  атындағы Жезқазған институтының қазақ тілі кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарды.
2002 жылы кандидаттық диссертация жұмысын қорғады.
2007 жылдан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,  Гуманитарлық факультеттің қазақ және орыс тілдері кафедрасында оқытушы болып еңбек еткен.
2011 жылы докторлық диссертациясын қорғады.
2011- 2012 жылдар аралығында Гуманитарлық факультеттің деканы қызметін атқарды.

2012 жылдан бастап Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (проректор) қызметінде жұмыс істейді.

Сыздықов Әнуар Шаймерденұлы

Басқарма Төрағасының қаржы мәселелері және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі орынбасары

Тел: 8 (7172) 31 75 44

E-mail: ansh1972@mail.ru

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Т. Рысқұлов атындағы Мемлекеттік Экономикалық университеті) бітірген. "Қаржы және несие" мамандығы бойынша жоғары экономикалық білімі бар.

1993-1998 жылдары екінші деңгейдегі банктерде жетекші маман лауазымынан бастап, филиал басшысына дейін көтерілген.

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратына мемлекеттік қызметке қабылданды.

2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Ішкі аудит және бақылау департаментінің директоры лауазымдарында қызмет еткен.

2013 жылдың наурыз айынан бастап "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің" АҚ Қаржы блогын басқарды.

2016 жылғы 11 қарашадан бастап Басқарма төрағасының қаржы мәселелері және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

E-mail: agun.katu@gmail.com