Шетел студенттері

Шетелдік студенттер Қазақстандағы қазіргі заманғы білім жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Шетелдік студенттер – өз елдерінде қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің дәстүрлерінің таратушысы. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да шетел студенттерінің болуы біздің университетімізге деген сұранысты растайды.

10 жылдан астам уақыт бойы шетел студенттері С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ қабырғасында білім алып келе жатыр. Негізінен шетел студенттерінің ҚАТУ-дағы  контингентін посткеңестік кеңістіктегі елдер құрайды, әсіресе Орталық Азиядан (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан).

Ауғанстан елінен келген студенттер ҚР-ның Бірінші Президентінің мұражайында

       

Оқудың барлық кезеңінде шетел студенттері университеттің әлеуметтік, ғылыми, спорттық және мәдени өміріне толық қатысады.

2018-2019 оқу жылында университетте әлемнің 13 елінен 106 шетелдік студент білім алды: Ауғанстан Ислам Республикасы (АИР), Германия, ҚХР, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Украина, Армения, Грузия және Түркия.

2017-2018 оқу жылында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде әлемнің 10 елінен 130 шетелдік студент білім алып жатыр. Олар Ауғанстан, Алмания, Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина, Әзірбайжан елдерінің азаматтары.

2016-2017 оқу жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ҚХР, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан және Ауғанстан Ислам Республикасы елдерінен 113 шетел студенттері оқиды.

Ауғанстан Ислам Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде бакалавриат бағдарламалары бойыншаС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ауғанстан Ислам Республикасынан 14 студент оқиды. Шетел студенттерінің үлкен үлесі (72%) мемлекеттік грант негізінде, тек қана шетел студенттерінің 28% келісім негізінде оқиды.

Шетел студенттердің факультет және мемлекет бойынша саны

2016 жылы Ауғанстаннан 10 студент оқуды табысты аяқтаған болса, 2017 жылы 8 студент бітірді. Қазіргі уақытта, ҚАТУ-да  Ауғанстан Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы білім саласындағы үкіметаралық келісімнің шеңберінде агрономия және техникалық факультеттерде бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 студент білім алады. Студенттер 4 курста оқып жатыр.

Студенттер университеттің әлеуметтік және мәдени өміріне белсенді қатысады  

               

Университетте оқу кредиттік жүйе бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады.

Университетке түсетін шетел азаматтары:

  • Бакалавриат бағдарламасы бойынша кешенді тестілеуді тапсырады
  • Магистратура бағдарламасы бойынша шетел тілі орнына қазақ/орыс, сонымен қатар мамандық бойынша емтиханды тапсырады.

Университетте лайықты білім алу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастырылады, ғылыми кітапхана, қоғамдық мамандықтар факультеті, әр түрлі дамытатын клубтар, спорт секциясы істейді. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да шетел студенттеріне жатақханада орындар беріледі. Бүкіл студенттік жатақханаларда жаттығу залы, шаштараз, тігін шеберханасы бар, сонымен қатар төлем терминалдары орнатылған.

Халықаралық студент күніне орай өткізілген іс-шара

Халықаралық студент күніне орай өткізілген іс-шара

Шетел студенттері университеттің әлеуметтік және мәдени өміріне белсенді қатысады. Бекітілген жоспарға сәйкес, университетте шетелдік студенттердің қатысуымен әр түрлі іс-шаралар: кездесулер, дөңгелек үстелдер, сайыстар, конференциялар мен семинарлар өтеді.

Сонымен қатар университетте қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдері бойынша курстар қажеттілікке байланысты ұйымдастырылған.

Байланысушы тұлға: Пирожкова Марина Ивановна
Телефон: (7172) 49-78-34
e-mail: ipkatu@mail.ru
Біліктілікті арттыру бойынша бас маман, Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту институты

 

Пайдалы сілтемелер:

  • Университет сайтында ҚАТУ-да оқу туралы қажетті ақпарат - http://kazatu.kz
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім -http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000332_#z3
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім - http://adilet.zan.kz/rus/docs/P000001076

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу ережелері

Тіркеу және визалық қолдау

Нұр-Сұлтан қаласының ІІД