«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ Болжамы, Миссиясы, Стратегиясы

Батыстық үлгідегі қазіргі заманғы аграрлық зерттеу университетінде трансформациялау мақсатында 2015 жылы КАТУ-дың 2025 жылға дейінгі дамуының жаңа стратегиясы «ҚАТУ-2025» жасалды және бекітілді.

«ҚАТУ-2025» стратегиясы ғылыми кеңестің отырысында 3 маусым 2015 жылы № 20 хаттамасымен мақұлданған, 14 желтоқсан 2015 жылы ҚАТУ директорларының кеңесімен бекітілді.

С.Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Болжамы, Миссиясы, Стратегиясы «ҚАТУ-2025»

Болжамы – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университетінің  (бұдан әрі  – С. ейфуллин атындағы ҚАТУ) өзінің  миссиясы мен стратегиясын  жүзеге асыра  отырып,  агроөнеркәсіп кешені саласы  және оған  қатысты салалар бойынша   халықаралық деңгейдегі зерттеу  университеті болуға  ұмтылуы:

  • ғылыми бағыттардың кең ауқымды басым міндеттерін  шешуге  оң септігін  тигізетін бәсекеге қабілетті ғылыми әлеует қалыптастыруы;
  • ғылыми зерттеулер нәтижелерін білім беру үдерісінде іске асыруға  және терең білім алған  әрі алған білімдерін  өнеркәсіпте  нақты қолдану дағдысы қалыптасқан мамандар даярлауды қамтамассыз ететін бірегей оқу бағдарламаларын жасауы;
  • әлемдегі жетекші зерттеу университеттерімен және балама салалы (профильді) ғылыми орталықтармен серіктестік қатынастар орната отырып, әлемдік ғылым-білім кеңістігімен тығыз интеграцияланған зерттеу университеті болуы;
  • ғылыми зерттеу нәтижелерін білім беру үдерісіне белсенді енгізу  арқылы  технологияларды коммерциализациялау және білім өрісін кеңейтуі;
  • Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының арасында корпоративті  басқарудың үздік жүйесін құруы.

ҚАТУ миссиясы – өмір сүру сапасын жақсарту, еңбек өнімділігі мен  АӨК пен Қазақстанның экономикасының басқа салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін озық білім енгізу, қолдану, ауқымдандыру және генерациялау.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың 2025 жылға дейінгі Стратегиясы

Қазақстандағы ең үздік, халықаралық стандарт жүйесіне  сәйкес бірегей оқу бағдарламасы мен академиялық ұтқырлық негізінде алдыңғы қатарлы   ғылыми- педагогикалық кадрлар мен мамандар   даярлауда  оқу түрін, мазмұнын, деңгейі мен мерзімін таңдаудың кең мүмкіндігін  ұсынатын  жүйе құру болып табылады.

ҚАТУ барлық кезеңде ұйымдармен- ғылыми әзірленімдердің тұтынушылары және түлектерге  жұмыс берушілермен  қарым-қатынасын бірлесіп алға қойған  басым  міндеттерден  бастап,  ғылыми  нәтижелерді  практикаға  енгізгенге дейін   барынша  дамытады.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың  2025 жылға дейінгі стратегиялық мақсаты:

  • Түлектерді оқу бітірген соң мамандығы бойынша  үш ай  ішінде  жұмысқа орналастыру -  кем дегенде 60%-ы тәуелсіз ақпарат көздерімен расталуы;
  • Web of Science базасы мәліметі бойынша бір жарияланымның сілтеме жасалуының орташа индексін кем дегенде 2-ге жеткізу;
  • Жалпы табыс үлесінде (1)  ғылыми  жұмыстардан кемінде 30%, ғылыми нәтижелер енгізуден  (2)  кемінде 12,5% болуы;
  • Білім бағдарламаларының халықаралық аккредитациясы  кемінде 50%-ке жеткізу.

Стратегиялық мақсатты  жүзеге асыру келесі міндеттерді шешу арқылы жүргізіледі:

  • ҚАТУ-дың автономиялық білім беру  ұйымы болып қайта құрылуы;
  • Профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік және көмекші персоналдардың жоғары біліктілігіне қол жеткізу және оны қолдау;
  • Қазақстан үшін басым бағыттар бойынша озық білім мен технологияны трансферттеу, ғылыми зерттеулерді ауқымдандыру;
  • Жұмыс берушілер, отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, профессорлардың жеке ғылыми  зерттеулері негізінде  әзірленген бірегей  білім бағдарламаларын енгізу;
  • Түлектерді әлемдік стандартқа сәйкес  даярлау  және қолжеткізбеген  құзыретке  көшу  мақсатында  ағылшын тілді  орта қалыптастыру, көптілді  білім беруді дамыту;
  • Академиялық ұтқырлық және инновациялық жобалар аясында әлемдегі жетекші зерттеу унивеситеттерімен және ғылыми орталықтарымен халықаралық байланысты кеңейту;
  • Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың тұрмыс жағдайын және  оқу үдерісін жақсарту  мақсатында білім беру, ғылыми-зерттеулер, өндірістік-эксперименталды және әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту және модернизациялау;
  • Жан-жақты дамыған, креативті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған азаматтық тәрбие жұмыстары мен  мәдени жұмыстарды  күн тәртібінен түсірмеу;

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың  келешегі кемел және көпке үлгі оқу орны екені жайлы қоғамда тұрақты көзқарас қалыптастыру.

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 – 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАТУ 2020-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ

С. Сейфуллин  атындағы  Қазақ агротехникалық университетінің 2020-2024 жылдарға арналған даму бағдарламасының  нысаналы индикаторлар орындалу туралы есеп