Сұрақтар және жауаптар - 2021 жыл

Сұрақ: СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, ҚАЙРАТ ҚАПАРҰЛЫ.
МЕНІҢ СҰРАҒЫМ САБАҚ КЕСТЕСІ ЖӨНІНДЕ, 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІН ОҚУҒА ШАҚЫРЫП АПТАСЫНА 2 КҮН ҒАНА 2 САҒАТ ОФФЛАЙН, ҚАЛҒАН КҮНДЕРІ БАРЛЫҚ САБАҚ ОНЛАЙН ТҮРІН ДЕ ӨТЕДІ. БІЗДІҢ БАЛАЛАР ОҚИМЫЗ ДЕП БАРДЫ, СОНДА ЖОЛ ШЫҒЫНЫ, ПӘТЕРДЕ ТҰРУ, ЖАТАҚХАНАДА ТҰРСАДА ТАМАҚТАРЫ БАР, 2 САҒАТ ҮШІН БАРДЫ МА? ОНДА БІР ЖОЛА УЙДЕ ОТЫРМАДЫ МА? САБАҚ КЕСТЕСІН ҚАЙТА ҚАРАП, БАЛАЛАРДЫҢ ОФФЛАЙН ОҚУЫН ҚАРАСТЫРУДЫ СҰРАЙМЫЗ.

Жауап: Құрметті Зульфия Сұлтанқызы!

2021-2022 оқу жылының оқу процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарға және ҚР БҒМ нұсқауларына сәйкес университетіміздің Ғылыми кеңесі Нұр-сұлтан қаласындағы ағымдық эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аралас форматта оқыту туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.
Короновирус инфекциясының асқынуы бойынша Нұр-сұлтан қаласы "қызыл аймақта" қалып отырғаны өзіңізге белгілі, бұл Сіздің балаңыз және басқалар үшін өте қауіпті. Сондықтан университет оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін және COVID-19 вирусын жаппай жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында пәндер бойынша байланыс сағаттарының санын азайтуға мәжбүр болды.
Екінші және үшінші триместрде студенттерді дәстүрлі форматта оқыту жоспарымызда бар.
Осы қиын уақытта Сіз түсінушілік пен сабырлық танытады деген үміттеміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Гумелев атындағы ЕҰУ-не оқуға грантқа түстім. Сіздердің университеттеріңізге грантты сақтай отырып ауысу мүмкіндігі болады ма?

Жауап: Сәлеметсізбе!

Грантты сақтай отырып ауысу мүмкін, бірақ сіз қандай білім беру бағдарламасына ауысқыңыз келетінін көрсетпедіңіз.
Ауысу туралы ақпаратты Сіз біздің университеттің сайтынан https://kazatu.edu.kz/ - "Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы" – "Өтініш беру" - "Басқа жоғары оқу орнынан ауысуға " бөлімінен біле аласыз

Сұрақ: Құрметті Қайрат Қапарұлы, қайырлы күн.
Мен Асылхан Нурсултан, Моңғолия азаматы, Моңғолия және Қазақстан арасындағы келісім шарт бойынша Қазақстанға докторантураға түскен едім. Бірақ қай университет екені белгісіз. Өз басым КазАТУниверситетіне түскім келетінін Моңғолиядағы Қазақстан елшілігіне айтқан едім. Елшілік менің қалауымды, құжаттарды Білім министрлігіне тапсырғанын, және министрлікден маған хабарласады дегенді айтады. Бірақ еш хабар жоқ, уақыт болса өтіп жатыр.
Ал мендегі сұрақ: Биылғы КазАТУ докторанттары арасында менің болуым мүмкін. Бармын ба, жоқпын ба, нақты қалай біле аламын?
397378 нөмеріне қосылу мүмкін емес.

Жауап: Құрметті Асылхан Нұрсұлтан!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін таңдағаныңызға рахмет!
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында мәлімделген жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған шетел азаматтарының кандидатураларының тізімін кеше ғана (№ исх: 4-10-2/3329-И от: 24.08.2021) жолдады.
Министрлік 2021 жылдың 28 тамызына дейін шетелдік азаматтарды студенттер қатарына қабылдау бойынша бұйрықты жуық арада шығару жұмыстарын әзірлеуді және оларды орналастыруға,одан әрі оқыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Университет бойынша докторанттарды қабылдау бұйрығы 2021 жылдың 28 тамызында шығарылады.
Шетел азаматтары «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын беру туралы» 2021 жылғы 13 тамыздағы № 403 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығының (бакалавриат бағдарламасы бойынша) және «2021-2022 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» 2021 жылғы 3 тамыздағы № 379 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығының (докторантура бағдарламасы бойынша) негізінде қабылданды.
Аталған бұйрық бойынша үміткер Асылхан Нұрсұлтан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне D122 – «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша қабылданғандығы көрсетілген.
Аталған хатта шетел азаматтардың құжаттар бойынша сұрақтар туындаған жағдайда e.asan@edu.gov.kz поштасына хабарласу туралы мәлімделген.
Бұйрық шыққан соң «Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі мен эдвайзеріне хабраласуыңызға болады.
Анықтамалар үшін: 31-75-56, 8-775-937-39-29 (қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жазықбаева Ж.М.)

Сұрақ: Салеметсиздер ме. Менин кызым Есеналы Газиза кадастр мамандыгы бойынша 1 курсты битирген сиздердин студенттериниз. Семья жагдайына байланысты Шымкент каласына ауыстыру ушин онлайн кужат тапсыруга бола ма? Ауысу ушин не истеу кажет? Грантта окиды.

Жауап: Құрметті Райхан Көбейқызы!

Сәлеметсіз бе! Басқа ЖОО-на ауысу үшін Басқарма төрағасының академиялық қызмет жөніндегі орынбасы-Ректор А.М. Әбдіров атына өтініш жазылуы керек. Өтініш үлгісі www.kazatu.edu.kz сайтында БАҚКО бөлімінен аласыздар. Өтінішті Сіздің қызыңыз білім алып отырған Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті бойынша uzraid_tsoo@mail.ru электрондық почтасына жібересіздер. Өтініш 3 жұмыс күні ішінде қаралып, құжаттарыңыз дайындалады. Дайын құжаттарды Ә. Молдағұлова 27 Д мекен-жайы бойынша 104 кабинеттен алып кете аласыздар.

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы
Телефон: /87172/39-73-78

Сұрақ: Салеметсіздерме!!! Мен білейін дегем Жоғары білім алу барысында босаған бос білім беру гранттарын тағайындауға конкурсының нәтижесін. 05 тамызға дейін шығу керек қой . Басқа ЖОО жариялап қойған

Жауап: Құрметті Сайранкок Бота!

Сәлеметсіз бе. Босаған мемлекеттік білім беру гранттарына үміткерлердің құжаттары ҚР Білім және ғылым министрлігіне қаралымға жіберілді. Қорытынды шешім аталған мекемеден келген жоқ. Бұйрық келісімен грант ұтқан білім алушыларға бірден хабарланады.

Сұрақ: Сәлеметсізбе? Мен геодезия мамандығының 2 курс студентімін. Алдағы оқу жылы оффлайн болама?

Жауап: Құрметті Амангельдиев Данияр Асылбекұлы

"С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ сізге хабарлайды. 2021 жылғы 16 тамызда сағат 16.00 де Ректормен болатын тікелей эфирге қатысуыңызды сұрайды. Сол жерде сіздің қойып отырған сауалдарыңызға толықтай жауап беріледі.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Мен, Құдайберген Айзада, ҚазАТУ университетінің Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету факультетінің 4 курс студенті. 01.07.2021 күні өткен салтанатты жиналыста барлық Ксипо студенттері жиналып, диплом алу салтанаты өтті. Біздің факультет деканы барлық студенттердің қандай диплом(үздік немесе жай үлгідегі) алатындығын жариялады. Сол тізімнің ішінде 057041707 тобында 5 студент үздіктердің қатарында болды. Бірақ қызыл дипломға үміткер Құдайберген Айзада тағы да Сағымбаева Ақбота және Сүлеймен Әзиза бұл тізімде болған жоқпыз. Бізге алдын ала ескертіліп ешқандай хабар айтылмаған болатын, яғни қызыл дипломға үміткерлер тізімі тіпті предварительно да айтылмаған. Эдвайзерден сұраған да ЦОО қызметкерлерінен де сұрағанда да, бір-біріне сілтеумен болды, яғни ешкім бұл тізімді білмейтінін айтты. Бірақ осы уақытқа дейін қызыл дипломға келе жаттық. Ал 01.07.2021 күні көк диплом алатындығымыз көңілімізді қалтырды. Себебі: 2 курста болған Жүйелік бағдарламалау сабағынан болған қайта тапсыру екенін түсіндірді. Сол кезде топтың жартысынан көбі пересдача болған еді. Пересдача болудың себебі сұрақтары дұрыс емес еді және уақыт аз берілді, 30 минутқа бірнеше жауабы бар 30 сұрақ, гугл сөздігімен орыс тілінен дұрыс емес аударылған база. Барлығы техникалық ақаулардың кесірінен болды. Сол кезде 25-49 балл арасында баға алдым. Платонус ашылу үшін 25-49 балл алған студенттер пересдачаға өтініш жазсын деп айтты, ал 25-49 баллдан төмен алған студенттерге аппеляция деп өтініш жазғызған. Соның кесірінен пересдача деп өтініш жазғандарға қызыл диплом берілмей отыр. Егер бізге дұрыстап түсіндірсе, осындай түсініспеушілік болмас еді! Бұл әділетсіздік! Экзаменатор Сариева А.М. Бізге аппеляцияға беруге болады деп дұрыс айтпаған. Сол кезде аппеляция арқылы қайта тапсырған студент қызыл диплом алды. Сізден бар өтінішім Қызыл дипломға аты жоғарыда айтылған 3 қыздың кандидатурасын қайта қарауды сұраймын! Деканатта пересдача туралы студенттің өтініші негізінде ешқандай бұйрық та, өтініш те, қызметтік өкім де көре алмадық. Қызыл диплом үшін өтініште АППЕЛЯЦИЯ ДЕП ЖАЗУ КЕРЕК ЕКЕН, СОНДА қызыл диплом болатын еді. Пересдача деген сөз болса, барлық шару бітеді екен сонда. Сонда сол бір қағаздың кесірінен осылай болмақ па ?

Жауап: Құрметті Айзада Құдайберген!

Қазақ агротехникалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру» факультетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2021 жылының бітірушісі, Сіздің атыңыздан, 02.07.2021 күні келіп түскен хатына жауап ретінде келесі ақпаратты хабарлаймыз:

1 Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» заңы,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі (2021 жыл 20 сәуір, №152) Нормативтік құқықтық актілер құжаттарында үздік диплом беру талаптары көрсетілген. Онымен қоса аталған нормативтік құжаттарға негізделіп құрылған Академиялық саясаттың «6. Білім беру процессін жоспарлау және ұйымдастыру саясаты» бөлімінде «Білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу» Сапа менджменті жүйесі ұйым стандартында 8.41 және 8.42 пунктерінде жазылған:
«8.41 Оқу пәндері және басқа оқу қызмет түрлері бойынша A, A- «өте жақсы», B-, B, B +, C + «жақсы» бағалары бар, орта балл (GPA) кем дегенде 3, жоғары білім беру бағдарламасының студенті, 5, сондай-ақ кешенді емтиханнан өткен немесе дипломдық жұмысын (жобасын) А, А- «өте жақсы» бағамен қорғаған адамдар үздік дипломмен марапатталады (қосымша білім беру түрлерінің бағаларын қоспағанда).
8.42 Сонымен бірге, бүкіл бақылау кезеңінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырған немесе қайта тапсырған студентке үздік диплом берілмейді».
Сізде екінші курста «Жүйелік бағдарламалау» пәнінен дұрыс тестілік базасы негізінде тапсырған емтихан бағасы 42,50% - FX.
«Білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу» Сапа менджменті жүйесі ұйым стандартының
7.16 «FX» «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) пәннің (модульдің) бағдарламасын бірнеше реттен асырмай қайта тапсыруға рұқсат етіледі.
Нормативтік құжаттарға сәйкес Сізге FXбағаны қайта тапсыру уақыты мен күні белгіленіп, қорытындыда 06-05-2019 күні 72,92% баға алдыңыз.

2 Жоғарыда аталған және басқа нормативтік құжаттарға негізделіп құрылған «Академиялық саясат» университеттің веб-парақшасында барлық оқырмандарға қолжетімді болып келеді(https://kazatu.edu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/). Академиялық саясатпен барлық білім алушылар әрбір оқу жылының басында, кураторлық сағаттарда үнемі таныстырылып отырады, соның ішінде Сіздің тобыңыз да таныстырылған болатын.

3 Өкінішке орай, Сізге басқа жеке тұлға бойынша ақпаратты Жоғары оқу орнының қызметкерлері ұсынуға құқығы жоқ.

Сұрақ: Қайырлы күн! мен Қазату университетінің Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету факультетінің 4 курс студенті Сағымбаева Ақбота Маратқызы. Бүгін яғни 01.07.2021 сіздің қатысуыңызбен барлық Ксипо студенттері жиналып, диплом жөнінде оқудың аяқталуына байланысты құттықтау салтанаты өтті. Зум платформасында декан барлық студенттердің үздік немесе кәдімгі үлгідегі диплом екенін көрсетті. Сол кезде тізімнің ішінде 057041707 тобында 5 студент үздіктердің қатарында болды. Мен Сағымбаева Ақбота бұл тізімде болған жоқпын, тіпті менің GPA = 3.82 болса да, бірінші курстан бастап барлығы ӨТЕ ЖАҚСЫ тапсырылса да. Оның алдында бұл туралы айтылмаған болатын(кімде қандай диплом болатындығын). Біз осы зум платформасында бірінші рет көрдік, эдвайзерден сұраған уақытта ешкім білмейді оны, оған байланысты мәлімет жоқ деді. Бірінші курстан бері барлық мейрамдарға қатыстым, кафедрада атсалысып қаншама жұмыстар атқарылды, өте жақсы оқыдым, ешқашан оқудан қалған емеспін, бүгін көк диплом алам дегенімді естігенде өте қатты көңілім қалды. Бұның бар себебі: 2 курста болған Жүйелік бағдарламалау сабағынан болған қайта тапсыру екенін түсіндірді. Бірақ сол кезде топтың 85% пересдача болған еді. Пересдача болудың себебі сұрақтары дұрыс емес еді және уақыт аз берілді, 30 минутқа бірнеше жауабы бар 30 сұрақ, гугл сөздігімен орыс тілінен дұрыс емес аударылған база. Барлығы техникалық ақаулардың кесірінен болды. Сол кезде қателеспесем 29 бал алдым, бізге дереу платонус ашылу үшін 25-49 балл алған балалар пересдачаға өтініш жазсын деді, сонда сол қағаздың кесірінен осындай жағдай орын алып тұр. Бұл әділетсіз деп ойлаймын, сол кезде мұғалім Сариева А.М. АППЕЛЯЦИЯҒА беруге болады деп айтпаған. Сол кезде қайта тапсырған қыздың өзі Иманбазарова М. қызыл дипломға үміткер ретінде тұр. Менің Маржаннан қай жерім кем болғаны сонда? Кафедрадағы меңгеруші Айгуль Дюсенбиновна мен эдвайзер Аяулым Алимгазиевна Маржанның өтініші АППЕЛЯЦИЯ деп жазылған деп өз сөздерінде тұр, бірақ екі жыл бұрын біз бірдей өтініш жібергенбіз. Бір топта оқып, бірдей жағдай бәрімізде, неге екені белгісіз әртүрлі өтініш берілген дейді кафедра. Сонда олардың өтініші өзгертілген ба? Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмады. ЦОО да, кафедра да бізге көмектескен жоқ, өйткені ешкім де баяғыда өтіп кеткен істі қозғағысы келмейді. Деканатта пересдача туралы студенттің өтініші негізінде ешқандай бұйрық та, өтініш те, қызметтік өкім де көре алмадық. Қызыл диплом үшін өтініште АППЕЛЯЦИЯ ДЕП ЖАЗУ КЕРЕК ЕКЕН, СОНДА қызыл диплом болатын еді. Пересдача деген сөз болса, барлық шаруа бітеді екен сонда. Сонда сол бір қағаздың кесірінен осылай болмақ па ? Өтінемін, әділеттілік орнатыңызшы, бұл деген менің барлық жасаған еңбектерімнің күл талқаны болғаны, ешкім тіпті алдын ала айтқан да жоқ. Мен оны білгенде ештенеге де ұмтылмас едім. Университет мамандарынан қатты көңіліміз қалды, менің жағдайым ғана осылай болып тұрған жоқ. Топтан Сүлеймен Әзиза мен Құдайберген Айзадада да сондай жағдай. 2 жыл бұрынғы өтініштерді қайта қарауыңызды өтінеміз. Жас студенттердің жолын кесіп, мұғалімнің дұрыс ақпарат бермегеніне, неге біз жапа шегуіміз керек? Олар бір студентке пересдача деп жаз, бір студентке аппеляцияға жаз деп дұрыс мәлімет бермеген. Егер сізден көмек болмаса, Министерствоға дейін баруға дайынбыз, халыққа бәрін таратып, әділеттік орнатуын сұраймыз.

Жауап: Құрметті Ақбота Сағымбаева!

С. Сефуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру» факультетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2021 жылының бітірушісі, Сіздің атыңыздан, 01.07.2021 күні келіп түскен хатына жауап ретінде келесі ақпаратты хабарлаймыз:

1 Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» заңы,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі (2021 жыл 20 сәуір, №152) Нормативтік құқықтық актілер құжаттарында үздік диплом беру талаптары көрсетілген.Онымен қоса аталған нормативтік құжаттарға негізделіп құрылғанАкадемиялық саясаттың «6. Білім беру процессін жоспарлау және ұйымдастыру саясаты» бөлімінде «Білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу» Сапа менджменті жүйесі ұйым стандартында 8.41 және 8.42 пунктерінде жазылған:
«8.41 Оқу пәндері және басқа оқу қызмет түрлері бойынша A, A- «өте жақсы», B-, B, B +, C + «жақсы» бағалары бар, орта балл (GPA) кем дегенде 3, жоғары білім беру бағдарламасының студенті, 5, сондай-ақ кешенді емтиханнан өткен немесе дипломдық жұмысын (жобасын) А, А- «өте жақсы» бағамен қорғаған адамдар үздік дипломмен марапатталады (қосымша білім беру түрлерінің бағаларын қоспағанда).
8.42 Сонымен бірге, бүкіл бақылау кезеңінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырған немесе қайта тапсырған студентке үздік диплом берілмейді».
Сізде екінші курста «Жүйелік бағдарламалау» пәнінен дұрыс тестілік базасы негізінде тапсырған емтихан бағасы 48,33% - FX (хатыңызда 29% ).
«Білім алушылардың білімін бақылау және қорытынды аттестаттауды өткізу» Сапа менджменті жүйесі ұйым стандартының
7.16 «FX» «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) пәннің (модульдің) бағдарламасын бірнеше реттен асырмай қайта тапсыруға рұқсат етіледі.
Нормативтік құжаттарға сәйкес Сізге FXбағаны қайта тапсыру уақыты мен күні белгіленіп, қорытындыда 06-05-2019 күні 100% баға алдыңыз.

2 Жоғарыда аталған және басқа нормативтік құжаттарға негізделіп құрылған «Академиялық саясат» университеттің веб-парақшасында барлық оқырмандарға қолжетімді болып келеді (https://kazatu.edu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/). Академиялық саясатпен барлық білім алушылар әрбір оқу жылының басында, кураторлық сағаттарда үнемі таныстырылып отырады, соның ішінде Сіздің тобыңыз да таныстырылған болатын.

3 Өкінішке орай, Сізге басқа жеке тұлға бойынша ақпаратты Жоғары оқу орнының қызметкерлері ұсынуға құқығы жоқ.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, менің қызым Әжит Гүлсім Ержанқызы 3 курс биотехнология мамандығында оқитын студент оқу жоспарына сәйкес олар бүгінгі таңда өндірістік практика өтуге тиіс еді. Пандемия кезінде қашықтықта болуына байланысты Түркістан қаласында лаборатория жоқ, алайда Қожа Ахмет Яссауи университетінде арнайы өтетін лаборатория бар екен, сол жерге өтуіне рұқсат беріңізші, осы мәселені шешім берсеңіздер. Договор құжаты қазіргі таңда Нұрқұйған Сражадиновнада.

Жауап: Құрметті Сырлыбаева Ақмарал Туребековна!

4 курс студенттері 2021 жылдың 2 тамызынан бастап, қазанның 8 дейін өндірістік тәжірибеден өтеді. Сіздің қызыңыз, Әжит Гүлсім Ержанқызы өндірістік тәжірибені Х.А.Ясави атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінде өтуге өтініш білдірген, келісім шарт жіберген. Бірақ, аталмыш университетте мамандық бойынша өндірістік машықтануды өтуге мүмкіндік жоқ, арнайы өндірістік нысандары мен ғылыми зерттеу зертханалары жоқ. Сол себепті, Әжит Гүлсім Ержанқызына өндірістік тәжірибені С.Сейфуллин атындағы «Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу платформасында» өтуіне болады. Ғылыми жетекшісі в.ғ.к., аға оқытушысы Ш.Серикова.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе . Ректорлық грантта оқып жатыр едім.Бір сабағым 3 болып қалды .Енді платный оқу қылып жібере ме

Жауап: Барлыккызы Акбота есімді білім алушы «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ білім алушылар қатарында жоқ.

| 1 | 2 |