«АРТА» ААЖ арқылы білім алушының кету парағына қол қою жөніндегі нұсқаулық

Кету парағы университеттен шығарылған кезде немесе оқуды аяқтағаннан кейін білім алушының қарызы бар екендігін тексеру үшін қажетті құжат. Құжаттарды жіберу үшін (аттестат қосымшасымен/алдыңғы білімі туралы диплом қосымшасымен; диплом қосымшасымен, еуропалық қосымша) білім алушыға университеттен шығарылған кезде немесе оқуды аяқтағаннан кейін ЖОО бөлімшелері өкілдерінің қолы қойылған университет алдында қарызының жоқтығын растау қажет. 

  1. Қарыздары жоқ немесе қарыздарын өтеген ЖОО оқудан шығарылған білім алушылары/түлектері университет сайтына agun.katu@gmail.com құжаттардың түпнұсқаларын Қазпошта арқылы жіберу туралы өтініш береді.
  2. БАҚКО маманы өтінішті тіркеп, ары қарай өтінішті «АРТА» ААЖ арқылы білім алушының қарызының бар-жоғын білу үшін кету парағында көрсетілген ЖОО бөлімшелері бойынша келісуге жібереді.
  3. Барлық құрылымдардың оң келісімінен кейін БАҚКО маманы білім алушы құжаттарының түпнұсқаларын өтініште көрсетілген мекенжайға жібереді.
  4. Қарызы болған жағдайда білім алушы оны жоюға міндетті. Мысалы, егер кітапхана алдында қарызы болса, онда оқулықтарды Қазпошта арқылы университет мекенжайына жіберу керек: 000010, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 62; С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ кітапханасы. Оқу ақысы бойынша қарызы болған жағдайда төмендегі реквизит бойынша қарызын өтеуі керек:

ЖОО реквизиті:

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ

010011, Нұр-Сұлтан қ.,  Жеңіс даңғылы, 62.

БИН: 070 740 004 377

ИИК KZ446010111000037373

Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ААФ

БИК HSBKKZKX Кбе 16