Австрияға оқуға түсу үшін анықтама алу (мектеп оқушыларына)

Анықтама алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • мектеп оқушысының паспортының көшірмесі;
  • аттестат қосымшасымен көшірмесі;
  • ҰБТ сертификаты көшірмесі (егер болса). 

Қадамдық іс-әрекеттер:

  1. Өтініш беруші С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-ға (Вена университетіне ұсыну үшін, Австрияға) түсу мүмкіндігі туралы анықтаманы ұсыну үшін сканерленген өтінішті жоғарыда көрсетілген құжаттарды тіркей отырып office@kazatu.kz электрондық поштасына жібереді. 

 Өтініште өтініш беруші өзінің жеке деректерін және таңдаған мамандықтарын/білім беру бағдарламаларын көрсетуге міндетті.

  • Өтініште өтініш беруші өзінің электрондық поштасын, мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.
  1. Анықтама өтінім берген сәттен бастап 3-ші жұмыс күні БАҚКО-да сағат 15.00-ден 17.45-ке беріледі. Немесе білім алушының мекенжайына Қазпошта арқылы жіберіледі.