Диплом қосымшасындағы кредит санын сағатқа аудару туралы анықтаманы алу

Диплом қосымшасындағы кредит санын сағатқа аудару туралы анықтаманы алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • диплом және оның қосымшасының көшірмесі немесе транскрипт;
  • жеке мәліметтерін ауыстырған жағдайда: неке туралы куәліктің көшірмесі 

Қадамдық іс-әрекеттер:

  1. Өтініш беруші Диплом қосымшасындағы кредит санын сағатқа аудару туралы анықтаманы алу үшін өтінімді ЖОО-ның электрондық мекенжайына office@kazatu.kz жоғарыда көрсетілген құжаттарды тіркеп жібереді.

Өтінімде бітіруші өзінің жеке деректерін, мамандығын/білім беру бағдарламасын және университетті қай жылы бітіргенін көрсетуге міндетті.

 Өтінімде бітіруші өзінің электрондық поштасын, тұрғылықты мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.

  1. Анықтама өтінім берген сәттен бастап 3-ші жұмыс күні БАҚКО-да сағат 15.00-ден 17.45-ке беріледі. Немесе білім алушының мекенжайына Қазпошта арқылы жіберіледі.