Жатақханада тұратыны туралы анықтама алу

Жатақханада тұратыны туралы анықтаманы алу үшін білім алушыға келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • жатақханадан орын алуға жолдаманың көшірмесі.       

Қадамдық іс-әрекеттер:

  1. Білім алушы "Platonus" ААЖ бойынша жатақханада тұру туралы анықтамаға өтінім жібереді.

    Білім алушы анықтама берілетін ұйымның атауын көрсетуге міндетті.

Өтінімде білім алушы өзінің электрондық поштасын, тұрғылықты мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.

  1. Өтінім берілген сәттен бастап 2-3 жұмыс күні ішінде білім алушы "Platonus" ААЖ жеке кабинетінде QR коды бар электрондық анықтаманы алады».