Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына (МЗТО) мемлекеттік жәрдемақылар алу үшін анықтама алу

Анықтаманы алу үшін білім алушыға келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  •  жеке куәліктің көшірмесі;
  • отбасы мәртебесін растайтын құжат  (құжат міндеттеледі) 

Қадамдық іс-әрекеттер:

  1. Білім алушы БАҚКО-на анықтама беруге өтінім жібереді. Білім алушы анықтама қосымшасының нөмірін көрсетуге міндетті (анықтама үлгілері төменде көрсетілген):

Қосымша 2-1 Анықтамасы

Қосымша 6 Анықтамасы

Қосымша 31 Анықтамасы

  • Білім алушы өтінімге жоғарыда көрсетілген құжаттардың сканерленген нұсқасын тіркейді.

Өтінімді өзінің жеке деректерін және отбасы мәртебесін растайтын құжатты көрсете отырып, "Platonus" ААЖ бойынша жібереді.

Білім алушы өтінімде Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауын көрсетуге міндетті.

Өтінімде білім алушы өзінің электрондық поштасын, тұрғылықты мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.

  1. Өтінім берілген сәттен бастап 2-3 жұмыс күні ішінде білім алушы "Platonus" ААЖ жеке кабинетінде QR коды бар электрондық анықтаманы алады».