Оқығандығын растау туралы мұрағаттық анықтаманы алу

ЖОО-да оқығандығын растау туралы мұрағаттық анықтама алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • диплом мен оның қосымшасының көшірмесі;
  • жеке мәліметтерін ауыстырған жағдайда: неке туралы куәліктің көшірмесі.

Қадамдық іс-әрекеттер:

  1. Бұрынғы түлек ЖОО-ның электрондық мекенжайына office@kazatu.kz оқығандығын растау туралы мұрағаттық анықтама беруге жоғарыда көрсетілген құжаттарды тіркеп өтінім жібереді.

Өтінімде бітіруші өзінің жеке деректерін, мамандығын/білім беру бағдарламасын және университетті қай жылы бітіргенін көрсетуге міндетті.

 Өтінімде бітіруші өзінің электрондық поштасын, тұрғылықты мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.

  1. Білім алушы мұрағаттық анықтаманы өтінім берген сәттен бастап 3-ші жұмыс күні БАҚКО-нан немесе ЖОО мұрағатынан сағат 15.00-ден 17.45-ке дейін алады. Немесе анықтаманың сканерленген нұсқасы білім алушының электрондық мекенжайына немесе тұрғылықты мекен-жайына жіберіледі.