Оқудан шығарылғандығы туралы анықтаманы алу

Білім алушыға оқудан шығарылғандығы туралы  анықтама алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке куәлік көшірмесі; 

Қадамдық іс-әрекеттер:

  1. Өтініш беруші оқудан шығарылғандығы туралы анықтама алу үшін БАҚКО өтінім береді.

Өтінімді ЖОО-ның электрондық мекенжайына office@kazatu.kz сканерленген жеке куәлігін тіркеп жібереді.

  • Өтінімде бітіруші өзінің жеке деректерін, мамандығын/білім беру бағдарламасын және қай курстан оқудан шыққандығын көрсетуге міндетті.

 Өтінімде бұрынғы білім алушы өзінің электрондық поштасын, тұрғылықты мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.

  1. Анықтама өтінім берген сәттен бастап 3-ші жұмыс күні БАҚКО-да сағат 15.00-ден 17.45-ке беріледі. Немесе анықтаманың сканерленген нұсқасы білім алушының электрондық мекенжайына немесе тұрғылықты мекен-жайына жіберіледі.