Жоғары білім алу үдерісінде бос білім беру грантын тағайындау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесімен жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін ақы төлеуге арналған білім беру грантын беру ережелері негізіне сүйене отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы түрдебілім алатын білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

««Конкурс аралық аттестация қорытындысы бойынша барлық оқу кезеңінде оқу үлгерімінің  орташа балл GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіші негізінде білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті беру арқылы жүргізіледі.»

Конкурстың ашықтығы жайлы хабарландыру http://kazatu.kz/ru/сайтында «Хабарландыру» бөлімінде кадрларды дайындау бағыты, курсы және бос білім беру гранттары санын көрсете отырып жарияланады.

GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) тек А, А- ("өте жақсы") бағалары, одан кейін – А, А- ("өте жақсы") - В+, В–, С+ ("жақсы") бағалары, одан әрі-оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

 Жоғары білім алу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы демалыс кезінде конкурстық негізде мамандықтар бойынша университетте босаған орындарға жүзеге асырылады.

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру грантын беру СМЖ 02.2027-2019  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу кезінде босатылған бос білім беру гранттарын тағайындау тәртібі туралы ережеде»  жазылған және төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

  • ақылы негізде білім алатын білім алушылар Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына (ары қарай –БАҚКО) университет  білім беру гранты бойынша әрі қарай оқуға өтініш  пен жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін береді. Барлық оқу кезеңінің транскриптін БАҚКО ұсынады;
  • БАҚКО білім алушының өтініші мен құжаттар пакетін тіркеу журналына қабылдайды және тіркейді;
  • БАҚКО университет әкімшілігіне босаған мемлекеттік білім беру гранттарына үміткерлер туралы ақпаратты емтихан сессиясы қорытындысынан кейін ұсынады ;
  • университет әкімшілігі келіп түскен өтініштерді қарап, оны Ғылыми кеңес пен қамқоршылық кеңесте қарастырып талқылайды;
  • үміткерлерді іріктеу жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.
  • «5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде БАҚКО босаған білім беру гранттарына ауысуға үміткерлер тізімі менқұжаттарды түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі-ҚР БҒМ) жібереді. Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңестің шешімімен бірге білім алушының транскрипті, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білім беру гранты иесінің куәлігі (түпнұсқасы) және жоғары оқу орнынан шығарылған бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі;»

Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылған бос білім беру гранттарын үміткерлердің болмауына байланысты комиссия конкурстық негізде қайта бөледі.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және үміткерлердің болмауына байланысты жоғары оқу орындары ұсынған бос білім беру гранттарының тізімі Білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында жарияланады.

Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру бағдарламалары, курс және оқу түрі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған басқа жоғары оқу орындарынан ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі.

- ҚР БҒМ түскен құжаттарды білім беру бағдарламалары топтары, оқуға түсу жылын ескере отырып, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде қарайды және оң шешім болған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бос білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады  бос білім беру гранттарының иегерлерінің тізімімен бірге (білім беру бағдарламаларының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары даярлық бағытының немесе білім беру саласының ішінде қайта бөлінеді);

- мемлекеттік білім беру грантын қайта ресімдеу туралы ҚР БҒМ бұйрығы негізінде Мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеудің Ұлттық орталығы мемлекеттік білім беру гранты иегерін ауыстыру туралы өтініш берген білім алушының атына куәлік жазады;

- білім беру грантын тағайындау туралы куәлік пен ҚР БҒМ бұйрығы негізінде БАҚКО университет бойынша білім беру грантының берілу күнін белгілей отырып білім алушылардың мемлекеттік білім беру грантына ауысуы туралы бұйрық шығарады..