Докторантура

Білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, оқу орындарының басқа қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 жарлығының шешімі негізінде «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ 2019-2020 оқу жылының үшінші триместрінің сабағын қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізеді.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері Кәсіпкерлік, мансап және бизнесті дамыту орталығымен (КМжБО), кафедралармен және тәжірибе жетекшілерімен келісе отырып, жеке қосымша кесте бойынша жүзеге асырылады.

PhD докторын даярлаудың білім беру бағдарламасы  ғылыми-педагогикалық бағыты және іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен пәндерді тереңдетіп оқыту бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласы. PhD докторантура Болон процесінің халықаралық талаптарына сәйкес ғылыми педагогикалық мамандарды даярлау процесін қамтиды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының 24 тобы бойынша лицензиясы бар.

Академиялық күнтізбе

PhD докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының тізімі:

  • D008 – Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау
  • D070 – Экономика
  • D072 – Менеджмент және басқару
  • D073 – Аудит және салық салу
  • D074 – Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
  • D075 – Маркетинг және жарнама
  • D077 – Бағалау
  • D094 – Ақпараттық технологиялар
  • D098 – Жылу энергетикасы
  • D099 – Энергетика және электр техникасы
  • D100 – Автоматтандыру және басқару
  • D103 – Механика және металл өңдеу
  • D104 – Көлік, көліктік техника және технология
  • D111 – Азық-түлік өнімдерінің өндірісі
  • D122 – Сәулет
  • D123 – Геодезия
  • D128 – Жерге орналастыру
  • D130 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
  • D131 – Өсімдік шаруашылығы
  • D132 – Мал шаруашылығы
  • D133 – Орман шаруашылығы
  • D135 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • D136 – Автокөлік құралдары
  • D138 – Ветеринария

Докторантураға қабылдау ережелері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен жүргізіледі (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығы). http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017650