D072-Менеджмент

«Экономикалық информатика және эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Ғылым мәні және ғылыми білімді дамыту
  2. Ғылыми зерттеу әдіснамасы
  3. Жалпы ғылыми және ғылыми экономикалық зерттеулердің әдістері
  4. Ғылыми қызмет және оның түрлері
  5. Экономикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық әдістері
  6. Зерттеудің статистикалық-экономикалық әдістері
  7. Экономикалық эксперимент түсінігі. Экономикалық эксперименттердің мақсаты, міндеттері және типтері.
  8. Зерттеу тақырыбы, оның тұжырымдамасы және негіздемесі
  9. Статистикалық бақылау: оның кезеңдері, нысандары және жіктелуі
  10. Заманауи ғылым және ғылыми зерттеулер
  11. Экономикалық құбылыстарды зерттеулердегі тарихи әдіс
  12. Зерттеулердегі монографиялық және әлеуметтік әдістердің қолданылуы
  13. Регрессиялық-корреляциялық талдау
  14. Логикалық заңдар мен ережелерді қолдану. Экономикалық зерттеулердегі эксперименталды әдістің логикасы
  15. Оқытудың абстрактілі-логистикалық әдісі
  16. Ауыл шаруашылығы экономикасының нақты аспектілерін зерттеу кезінде абстрактілі-логикалық әдісті қолдану
  17. Зерттеулердегі модельдеудің негізгі принциптері
  18. Ақпаратты өңдеу әдістері. Дельфи әдісі
  19. Ғылыми таным әдісі
  20. Зерттеудің есептік-конструктивтік әдісі
  21. Зерттеулерде жүйелі тәсілді қолдану
  22. Әлеуметтік зерттеу әдістерінің жиынтығы.
  23. Тиімді шешім қабылдау үшін қолданылатын іріктеу өлшемдері мен әдістері
  24. Экономикалық және математикалық модельдеу. Модельдеуде қолданылатын әдістер
  25. Ғылыми зерттеу этикасы
  26. Ғылыми зерттеуде есептік-конструктивтік әдістерді қолдану
  27. Ғылыми зерттеуде талдау әдістері мен тәсілдері
  28. Экономикалық-математикалық модельдеу
  29. Ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету
  30. Ғылыми зерттеулердегі болжамдау әдістері. 

«Стратегиялық менеджмент» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Стратегиялық менеджмент жүйесінің мәні мен мазмұны. Стратегиялық менеджменттің міндеттері. Стратегиялық басқарудың қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар.
  2. Ұйымның миссиясы және миссияның мазмұнына әсер ететін факторлар.  Ұйымның мақсаты және оларды өлшеу, қаржылық және стратегиялық мақсаттар.
  3. Ұйымның тиімді даму стратегиясын әзірлеу принциптері, тәсілдері және процесі. Стратегиялық көзқарасты қалыптастыру және стратегиялық ұстанымдарды таңдау.
  4. Бизнес-бірлік қызметінің ауқымын анықтау және таңдау. Бір бизнес стратегиясының ерекшеліктері мен артықшылықтары.
  5. Бәсекелестік артықшылығы және олардың тұрақтылығы.  Ұйымның бәсекелестік артықшылықтары мен бәсекелестік жағдайын талдау. Ішкі және сыртқы бәсекелестік артықшылықтары.
  6. Корпорацияның даму стратегиясының және корпоративтік әртараптандырудың ерекшеліктері. Әртараптандырудың негізгі себептері. Әртараптандырылған компания стратегиясының түрлері.
  7. Кәсіпорынның стратегиясын анықтау. Қызмет ауқымын өлшеу әдістері: кеңейту және қысқарту. Базалық стратегиялар және оларға сипаттама.
  8. Ұйымның сыртқы ортасын стратегиялық талдау. Сыртқы ортаға талдау жүргізу мақсаты және саланы сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер. Ұйымның сыртқы ортасын талдау әдістемесі және PEST-талдау.
  9. Бәсекелестік ортаны талдау және М. Портердің "бес күш" моделі. Бәсекелестердің стратегиясын анықтау және табыс факторлары, оларды стратегиялық басқару жүйесінде пайдалану.
  10. Ұйымның ішкі ортасын талдау және бағалау. Ішкі ортаны талдау құралдары және компанияның күшті және әлсіз жақтарын анықтау.
  11. Құндылық тізбегі тұжырымдамасының түсінігі және қызмет түрлері бойынша шығындарды талдау. Фирманың бәсекелестік ұстанымын бағалау.
  12. Бәсекелестік артықшылықтар тұжырымдамасы және шығындар мен оңтайлы шығындар бойынша көшбасшылық стратегиясы. Фокустық стратегия.
  13. Бәсекелестік артықшылықтардың өмірлік циклі және табиғаты. Жаңа және тез өсетін салалар үшін стратегия.
  14. Корпоративтік әртараптандыру стратегиясы. Әртараптандыру және жаңа және онымен байланысты, байланысты емес салаларға кіру стратегиясы.
  15. Портфельдік стратегия. Синергетикалық және диверсификациялық портфельдерді қалыптастыру әдістері.
  16. Оралу және жою стратегиясы. ADL / LC моделі. Экономиканы  қайта құрылымдау, қалпына келтіру және үнемдеу стратегиялары.
  17. Әртараптандырылған компанияларды  стратегиялық талдау. Матрицалық талдау және Boston Consulting Group "өсім/үлес" матрицасын пайдалана отырып, әртараптандырылған портфелді бағалау.
  18. Әртараптандырылған компанияларды портфельдік талдау. "Саланың тартымдылығы/бәсекелестіктегі жағдай" матрицасы және саланың өмірлік циклінің матрицасы.
  19. Стратегияны жүзеге асыру. Жүзеге асыру циклінің негізгі кезеңдері. Стратегияны табысты жүзеге  асыру факторлары.
  20. Стратегияны орындау және жүзеге асыру үрдісін ұйымдастыру. Стратегияны жүзеге  асырудағы ұйымдастырушылық құрылым мен адам факторының рөлі.
  21. Персоналды стратегиялық басқарудың мәні және персоналды басқару стратегиясының және ұйымның даму стратегиясының өзара байланысы.
  22. Ұйымды дамытудың әртүрлі сатыларында персоналды басқару стратегиясын қалыптастыру. Стратегияны жүзеге асыру кезінде негізгі ұстанымдар мен персоналды ынталандыру үшін адамдарды іріктеу
  23. Стратегиялық өзгерістердің мәні және оның негізгі тапсырмалары. Өзгерістерді басқару, мәжбүрлеп өзгерту әдісі, бейімделу өзгерісі.
  24. Дағдарыс пен қарсылықты басқару, қолайлы әдісті таңдау. Ұйымдағы өзгерістерді іске асырудағы менеджердің басым міндеттері.
  25. Ұйымның стратегиясын жүзеге асырудағы мәдениеттің рөлі. Құндылықтар, этикалық нормалар жүйесі және ұйымның ішкі ортасының өзгерістерге қабілетін қолдау.
  26. Стратегиялық менеджмент және оның Қазақстан Республикасының экономикасындағы даму тенденциялары.
  27. Қазақстандағы бизнесті стратегиялық басқарудың тиімділігін анықтайтын негізгі факторлар. Қазақстан экономикасындағы стратегиялық басқару мәселелері
  28. Жаңа өндірістерді енгізу және жаһандану жағдайында қазақстандық компаниялардың бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету стратегиясы.
  29. Жаһандық интеграция жағдайындағы мемлекеттердің даму стратегиясы. Экономиканы басқару стратегиясының қажеттілігі және оның экономиканың тұрақты дамуы үшін маңыздылығын арттыру.
  30. Ұлттық экономиканың және стратегиялық мемлекеттік басқарудың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі. Стратегиялық даму жоспары аясында экономиканы жоспарлау.