D103-Механика и металлообработка

«Машиналарды техникалық жөндеу және жабдықтарды пайдалану әдістерін ғылыми талдау» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Технологиялық машиналарды жөндеудің теориялық негіздері.
  2. Күрделі жөндеуді қалай түсіндіруге болады?
  3. Ағымдағы жөндеудің ерекшелігі неде?
  4. Блокты алмастыру дегеніміз не?
  5. Трибологияға кіріспе.
  6. Трибологиялық жанасуға әсер ететін әртүрлі жағдайлар.
  7. Үйкеліс дегеніміз не?
  8. Тозу түрлері.
  9. Беттің қажуы.
  10. Адгезиялы тозу мен абразивті тозудың айырмашылығы неде?
  11. Орташа тозу, қатты тозу және қирауды қалай сипаттауға болады?
  12. Беттің зақымдалуы және оның кластары.
  13. Материал шығынына әкелетін беттің зақымдалуы.
  14. Абразивті тозудың ерекшеліктері.
  15. Сырғымалы және адгезиялы тозу.
  16. Фреттинг.
  17. Тозатын бөлшектер.
  18. Қозғалтқыштағы үйкеліске негізгі компоненттердің әсері.
  19. Шашырату арқылу термиялық жабу.
  20. Сымды жабудың оттекті процесі (OFW).
  21. Сымды жабудың электрдоғалы процесі (EAW).
  22. Ұнтақты жабудың оттекті процесі (OFP).
  23. Плазманы ұнтақты жабудың процесі (PA).
  24. Жоғары жалдамдықты оттекті-сутекті отынды ұнтақты жабудың процесі (HVOF).
  25. Гальваникалық жабу.
  26. PVD және CVD жабулары.
  27. Ионды-сәулелік тұндыру.
  28. Бу фазасынан химиялық тұндыру.
  29. Тозаңдату арқылы тұндыру процесінің жүйесі.
  30. Аддитивті өндіріс. 

«Ғылыми зерттеудің әдіснамасы» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Әдіснама деген не? Ғылым деген не, қандай ерекшелікпен сипатталады?
  2. Ғылым функцияларын атаңыз. Ғылымның даму сатыларын атап, талдап беріңіз.
  3. Білім деген не? Білімнің түрлері.
  4. Танымның негізгі құрылымдық элементтерін атаңыз.
  5. Әдіснаманың этикалық негіздері.
  6. Ғылыми-зерттеу жұмысыдеген не? Ғылыми зерттеудің мақсаты қандай? Ғылыми зерттеулер түрлерін атап өтіңіз. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары қандай өзектілігімен негізделеді?
  7. Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктерін атап көрсетіңіз.
  8. Жұмыс гипотезасын шығару үшін не керек?
  9. Ғылыми жаңашылдық деген не және оның элементтерін атаңыз.
  10. Ғылыми-зерттеу жұмысының сатыларын атап өтіңіз және сипаттап беріңіз. Ғылыми нәтижелерді алу қандай жаңа жолдары сізге белгілі?
  11. Таным тәсілдері туралы айтып беріңіз.
  12. «Құжат» деген түсінікті айтып беріңіз. Құжаттардың қандай түрлерін білесіз? Құжаттарды талдау әдістерін келтіріңіз.
  13. Теориялық зерттеулер туралы айтып берсеңіз. Эмпирикалық және теориялық білім арасындағы айырмашылық неде? Теориялық зерттеу моделі.
  14. Ғылыми зерттеудегі эксперимент рөлі қандай? Эксперименттердің қандай түрлерін білесіз?
  15. Эксперимент жоспары неден тұрады? Эксперимент қалай жоспарланады? Өлшем деген не? Өлшем түрлері. Эксперимент орындаушының жұмыс орнын калай ұйымдастыруға болады? Кешенді өлшемдердің қандай түрлері болады?
  16. Өлшеудің сенімгерлік ықтималдығы дегеніміз не? Өлшемнің ең аз санын калай анықтауға болады? Эксперименттің дәлдігін тексеру әдісі туралы айтып беріңіз. Эксперимент дұрыстығын тексеруге арналған әдісі туралы айтып беріңіз? Эксперименттің нәтижелерін қайта өндірінгіштікке бағытталған тексерудің мәні неде?
  17. Өлшем нәтижелерін өңдеудегі графикалық қандай әдістері бар? Ғылыми зерттеу нәтижелері қалай ресімделеді?
  18. Гипотеза құрылуы қалай жүзеге асады?
  19. Ғылыми зерттеудің объектісі пен нысаны деген не?
  20. Патент деген не? Зерттеу объектісі болып не табылады?
  21. Өнер табыс объектілері ретінде қандай заттарды жатқызуға болады?
  22. Патентке қабілетті деп қандай өнертабыстартанылмайды?
  23. Пайдалы модель. Пайдалы модельдің қандай патентке қабілеттілік жағдайы сізге белгілі?
  24. Патенттік іздеу деген не? Патенттік іздеуді қалай жүзеге асырады?
  25. Патенттік іздеудің мақсаттары қандай? Патенттік іздеудің қандай түрлері сізге белгілі?
  26. Ғылыми зерттеулерді басқару әдістерінің қандай түрлері сізге белгілі?
  27. Ғылыми ұжымы ұйымдастыру және басқарудың негізгі принциптерін атаңыз.
  28. Ғылыми ұжым. Ғылыми ұжымды қалай жұмылдыру керек? Ғылыми бөлімшенің неғұрлым кең таралған құрылымын атаңыз. Ғылыми ұжымның қызметіне қандай жағдай кесірін тигізуі мүмкін?
  29. Ғылыми зерттеулерге бағытталған негізгі тәсілдері сізге белгілі? Ғылымның ең маңызды функцияларын атаңыз. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі қандай?
  30. Заманауи білім берудегі ғылымның рөлі қандай? Заманауи технологиялардың ерекшеліктері неде? 

«Технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Машиналар мен жабдықтарды жобалау және құрастыру туралы жалпы түсініктер.
  2. Машиналар мен жабдықтарды құрудың сатылары.
  3. Кешенді, машиналар немесе бұйымдарды құрудың қажеттілігін негіздеу.
  4. Ғылыми-техникалық зерттеулер. Патенттік іздеу.
  5. Тәжірибелік үлгілерді дайындау, сынау және тексеру.
  6. Құрылымдық құжаттаманы жасау кезеңдері.
  7. Машиналармен мен түйіндердің отандық және шетелдік құрылымдарын талдау.
  8. Құрылымдық құжаттаманы жасау сатылары: техникалық тапсырма (ТТ), техникалық ұсыныс (ТҰ), эскиздік жоба (ЭЖ), техникалық жоба (ТЖ-Т) мен жұмыс жобасы (ЖЖ).
  9. Техникалық принциптер. Минималды өлшемдер және минималды материал сыйымдылық принциптері.
  10. Машинаның технологиялық құрылымы, оның беріктігі, сенімділігі мен төзімділігі.
  11. Экономикалық прициптер. Әлеуметтік-экологиялық принциптер.
  12. Ғылыми зерттеудің таңдалуын негіздеу үшін жоба алдыңғы кезеңде экономикалық тиімділікті есептеу.
  13. Машинаға техникалық тапсырманы әзірлеу кезеңінде экономикалық тиімділікті есептеу. Эскиздік және жұмыс жобалары кезеңде экономикалық тиімділікті есептеу.
  14. Сериялық өндіріс туралы шешім қабылдау үшін өндіруші кәсіпорынмен тәжірибелік үлгілерді тапсыру кезеңінде экономикалық тиімділікті есептеу.
  15. Жаңа машинаны енгізу және пайдалану кезеңінде экономикалық тиімділікті есептеу.
  16. Техникалық эстетика, көркемдік құрылымдау, инженерлік психология.
  17. Машинада адамдардың еңбек етуінің, тұрмыстың және демалуының таңдамалы жағдайларын қамтамасыз ету.
  18. Көркем құрылымдау – өнерпаздық процесс және техникалық эстетика талаптарына сәйкес машиналарды жобалау әдісі.
  19. «Адам-машина» жүйесіндегі инженерлік психология.
  20. «Адам-машина» жүйесін бағалауға эргономикалық ықпал. «Адам-машина» жүйесін талдау.
  21. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесіне (ЕҚСЖ) қойылатын эргономикалық талаптарға сәйкес жұмыс аймағын талдау.
  22. Эргономика мен техникалық эстетика көрсеткіштеріне (ЭТЭСЖ) қойылатын талаптар кешені.
  23. Құрамдастырылған машиналарды жобалау. Құрамдастырылған агрегатты көп факторлы оңтайландыру параметрлері.
  24. Оңтайландыру параметрлеріне қойылатын талаптар.
  25. Процестің сапалық және сандық факторлары. Зерттелінетін факторлар.
  26. Жабдықтың қызмет етуінің ресурсты үнемдеуші жұмыс процесін жобалау.
  27. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың қажетті мөлшерін анықтау, технологиялық машиналар мен жабдықтар жұмыстарын келісу.
  28. Техниканы пайдалану және оны жөндеу графиктерін құрастыру.
  29. Техника мен жанар-жағармай материалдарды пайдалануды (техниканың барлық орын ауыстыруларын, жолды және өндірілген ауданды есептеу) талдау. 
  30. Машиналар мен жабдықтардың қызмет етуінің оңтайлы параметрлерін анықтау.