D131-Растениеводство

Докторантураға түсу емтиханының сұрақтары 

  1. Өсімдік шаруашылығы пәнінің шектес пәндермен байланысы. Өсімдіктер дамуын басқару жолдары және өнім қалыптасуының негізгі заңдылықтары.
  2. Танаптық тәжірибе. Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар. Танаптық тәжірибенің түрлері.
  3. Өсімдік тіршілігі факторларының тепе теңдігі және алмастыруға болмайтындығы туралы, минимум, максимум және оптимум, қайтарым, өсімдік тіршілігі факторларының бірлескен өзара үйлесімді оқшауланбаған әрекетінің заңдары
  4. Жаздық бидай және арпаны қарқынды өсіру технологиясы, оларды Солтүстік Қазақстан жағдайында және саурмалы жерде өсіру ерекшеліктері.
  5. Танаптық тәжірибені өткізген кезде қолданатын құжаттары. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми есептер.
  6. Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері. Ғылыми негізделген ауыспалы егістіктер жүйелерін қндірісте қолдану.
  7. Өсімдіктердің құрғашылыққа және аязға төзімділігін жоғарлатудың агробиологиялық негіздері.
  8. Егістік тәжірибе әдістемесі туралы түсінік және оның негізгі анықтамалары.
  9. Ғылыми агрономияда қолданатын зерттеу әдістері. Оптималды агроланшафтар қағидаттары, оларды тиімді қолдану мүмкіншілктері.
  10. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарлату мақсатында агротехникалық шаралар жүйесін  әзірлеу.
  11. Танаптық тәжірибені орындау ерекшеліктері. Жер учаскесін таңдау және дайындау.
  12. Ландшафты егіншілік жүйелерін әзірлеу және жіктеу. Ландшафты егіншілік жүйелерін ғылыми негіздеу.
  13. Жонышқа. Биологиясы және тұқымға, мал азығына өсіру технологиясын ғылыми негіздеу.
  14. Агрономия саласында қолданатын зерттеулердің түрлері. Зерттеу барысында қолдану ерекшеліктері.
  15. Егіншіліктің негізгі даму кезеңдері және басқа ілімдерімен байланысы.
  16. Еркекшөп. Биологиясы және тұқымға, мал азығына өсіру технологиясын ғылыми негіздеу.
  17. Эксперименттің /тәжірибенің/ негізгі элементтері: нұсқа, мөлдек, бақылау нұсқасы, тәжірибе тәсілі, қайталаным.
  18. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тіршілік факторларын реттеу. Топырақтың су режімі және оны агроланшафты егіншілікте реттеу жолдары.
  19. Қазіргі заманғы жағдайда экономикалық принциптер мен экологияға байланысты Қазақстан Республикасында негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру.
  20. Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері және оларды әртүрлі климаттық аймақтарда орналасқан шаруашылықтарда қолдану ерекшеліктері.
  21. Жайлымды қолдану жоспарын жасау және жайылым аумағын ұйымдастыру. Жайылым кезеңіне арналған мал азығының теңгерімі.
  22. Эксперимент және байқау туралы түсініктеме және олардың ерекшеліктері.
  23. Ландшафты егіншілік жүйелерін әзірлеу және жіктеу. Оларды еліміздің әр түрлі топырақ-климаттық аймақтарында қолдану ерекшеліктері.
  24. Қатты бидай. Биологиялық ерекшеліктері және қарқынды өсіру технологиясының ғылыми негіздері.
  25. Жайылым және шабынды жерлерде тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері.
  26. Қазақстанда қолданатын қазіргі заманғы егіншілік жүйелері. Оларды шаруашылықтарда қолдану мүмкіндіктері.
  27. Ауыл шаруашылығы өндірісін интенсификациялаудағы сорттың ролі, сорттарға қойылатын негізгі агробиологиялық талаптар.
  28. Танаптық тәжірибе өткізетін жер учаскесіне қойылатын негізігі талаптары. Тәжірибе салуға жер учаскесін жарамдылығын анықтау әдістемесі.
  29. Арамшөптермен алдын ала, агротехникалық және химиялық күресу шаралар жүйесі, оларды ғылыми зерттеулер мен практика жүзінде қолдану.
  30. Астық дақылдардың жалпы сипаттамасы. Дәннің құрылымы мен құрамы. Өсіп-дамудың кезең аралықтары, олардың ғылыми негіздері.
  31. Арамшөптермен алдын ала, агротехникалық және химиялық күресу шаралар жүйесі , оларды ғылыми зерттеулер мен практика жүзінде қолдану.
  32. ФБР кірісі бойынша өнімнің деңгейі мен өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша НМӨ есептеулерді ғылыми зерттеу жұмыстарында қолдану мүмкіншіліктері.
  33. Егістік тәжірибеде мөлдектерді орналастыру тәсілдері және олардың жіктелуі: стандартты, латын шаршы, жүйелі, рендомизмді.
  34. Жел және су эрозияның пайда болу себептері. Эрозияның түрлері және олармен күресу шараларының ғылыми негіздері.
  35. Жоғары сапалы пішендемені дайындаудың ғылыми негіздері. Әр түрлі сақтау типтері бойынша пішендеме даярлау технологиясы. Қолданудың алдында пішендемені сұрыптау ережесі.
  36. Өсіп-даму кезеңінде фотосинтездің заңдылығы, дақыл өнімділігін арттыру жолдары (ассимиляциялық беттерінің даму ерекшеліктері, құрғақ заттардың жиналу динамикасы, фотосинтез көрсеткіштерінің түрлендіруі).
  37. Өсімдік түрлерінің (сорттарының) органогенезі, жер үстінгі және жер астынғы жеке органдардың пайда болу, өсу ерекшеліктері және олардың өнімнің қалыптасуына әсері (фазалары бойынша).
  38. Егістік тәжірибе әдістемесі туралы түсінік және оның негізгі анықтамалары. Ғылыми агрономияда қолданатын зерттеу әдістері.
  39. Агроланшафттарды жіктеу және ол туралы түсінік. Әртүрлі топырақ- климаттық жағдайларда қолдану мүмкіншіліктері.
  40. Мақта талшығының технологиялық сапасына өсіру жағдайларының әсері. Мақта дақылының агробиологиялық ерекшеліктерін тиімді қолдану ерекшеліктері.
  41. Тәжірибе учаскесін мөлдектерге бөлу, танаптық жұмыстар, зерттелген мәліметтерді біріншіден өңдеу.
  42. Ауыспалы егістер туралы түсінік және оларды жіктеу. Оларды агроэкологиялық құрастырудың ғылыми қағидалары.
  43. Қант қызылшасының техникалық және мал азықтық құндылығы. Өсірілетін аудандары, биологиялық ерекшеліктері және өндірістік технологиясы. Бір тұқымды қант қызылшасы және оның артықшылығы.
  44. Танаптық тәжірибе. Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар. Танаптық тәжірибенің түрлері.
  45. Егіншіліктің негізгі даму кезеңдері және басқа ілімдерімен байланысы.
  46. Астық шаруашылығы – ауыл шаруашылық дамуының негізі. Халық шаруашылығына астық өндірудің маңызы, Қазақстан Республикасында астық проблемасын шешу жолдары.
  47. Лизиметрлік тәжірибе және оның маңызы. Топырақ құрылымы және оның маңызы.
  48. Топырақ құрылымын бұзатын және жандандыратын факторлар, оларды реттеудің ғылыми негіздері.
  49. Эспарцет. Биологиясы және тұқымға, мал азығына өсіру технологиясының ғылыми негіздері.
  50. Эксперимент және байқау туралы түсініктеме және олардың ерекшеліктері
  51. Агроландшафттарды жіктеу және ол туралы түсінік. Әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларда қолдану ерекшеліктері.
  52. Астық өндірісін арттыруда күздік астық дақылдардың маңызы. Күздік астық дақылдардың егістік көлемін көбейту және өнімділігін жоғарлату жолдары. Күздік бидай мен қарабидайдың биологиясы және өсіру технологиясының ғылыми негіздері.
  53. Вегетациялық тәжірибе. Ерекшеліктері және оларды өткізу жағдайлары.
  54. Агроландшафтты егіншілікте топырақ қорғайтын шаралар жүйесінің ғылыми негіздері.
  55. Мәдени өсімдіктер интродукциясының тарихы және әр түрлілігі. Танаптық дақыл өсімдіктердің агрономиялық жіктелінуі.
  56. Танаптық және өндірістік тәжірибе. Олардың маңызы және негізгі ерекшеліктері.
  57. Арамшөптер және олармен агроланшафтты егіншілікте күресу шаралары
  58. Өнімді бағдарламалауда тыңайтқыштар жүйесін негіздеу, оларды зерттеулер мен практика жүзінде қолдану ерекшеліктері.
  59. Егістік тәжірибеде алқаптарын бақылау және есепке алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
  60. Топырақ эрозиясы және онымен күресудің ғылыми негіздері.
  61. Сыртқы ортаның кұбылмалы жағдайына түрлердің (сорттардың) экологиялық реакциясы (температуралық, ауа-райы жағдайларға қатынасы, сонымен бірге ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайына, тағамдық және жарық режиміне).
  62. Агрономия саласында қолданатын зерттеулердің түрлері, олрды зерттеу барысында тиімді қолдану.
  63. Малдардың жайлым мал азығына қажеттігін анықтаудың ғылыми негіздері. Жайлам мал азығының түсуін есептеу ерекшеліктері.
  64. Эксперименттің /тәжірибенің/ негізгі элементтері: нұсқа, мөлдек, бақылау нұсқасы, тәжірибе тәсілі, қайталаным.
  65. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тіршілік факторларын реттеу. Топырақтың су режімі және оны агроланшафты егіншілікте реттеу жолдары.
  66. Жасыл конвейер. Жасыл конвейердің маңызы. Жасыл шөпті қолдану тәсілдері. Жасыл конвейердің түрлері және әртүрлі шаруашылық жағдайларында қолдану ерекшеліктері.
  67. Вегетациялық тәжірибе. Ерекшеліктері және өткізу жағдайлары.
  68. Агроландшафтты егіншілікте топырақ қорғайтын шаралар. Оларды әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларда қолдану ерекшеліктері.
  69. Қылтықсыз арпабас. Мал азығына және тұқымға өсіру технологиясы мен биологиясының ғылыми негіздері.
  70. Лизиметрлік тәжірибе және оның маңызы. Қолдану ерекшеліктері.
  71. Топырақ құрылымы және оның маңызы. Топырақ құрылымын бұзатын және жандандыратын факторларды тиімді басқарудың агротехникалық шаралар жүйесі.
  72. Астық өндіруді одан әрі арттыруда жаздық дәнді дақылдардың маңызы. Жаздық бидай Қазақстан Республикасында негізгі азық-түліктік дақылы ретіндегі ролі. Жоғары сапалы (жоғары класты) жұмсақ және қатты бидай сорттарының маңызы, олардың биологиялық ерекшеліктері.
  73. Арамшөптер және олармен агроланшафтты егіншілікте күресу шараларының ғылыми негіздері.
  74. Ұнтақталған шөп және ұн. Ауылшаруашылық малдарын және құстарын азықтандыру бойынша азықтық құндылығын және оның дайындау технологиясы. Жасыл конвейерден  ұнтақталған шөп және ұн дайындау.
  75. Тәжірибе учаскесін мөлдектерге бөлу, танаптық жұмыстар. Зерттеу барысында алынған мәліметтерді бірінші реттік өңдеу.
  76. Ауыспалы егістер туралы түсінік және оларды жіктеу. Оларды агроэкологиялық құрастыру қағидалары.
  77. Астық дақылдардың қоректену алаңы теориясының заманауи тұжырымы. Жаздық бидайдың тамыр жүйесінің дамуы, жоғары өнімдердің қалыптасуына олардың ролі.
  78. Егістік тәжірибеде алқаптарын бақылау және есепке алу. Тәжірибе жүргізу барысында қолданылатын құжаттар жіне оларды дұрыс жүргізу.
  79. Топырақ эрозиясы және онымен күресу шараларының ғылыми негіздері.
  80. Жаздық бидай, арпа мен сұлының аудандастырылған сорттарының шаруашылық-биологиялық сипаттамалары. Сорттарды шығарудың заманауи технологиялары.