D138-Ветеринария (ОП Санитарно-экологическая безопасность продукции животноводства)

«Эпизоотология және жануарлардың инфекциялық аурулары» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Індеттану пәнінің құралы және оның міндеттері.Індеттану пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
  2. Індеттік процес және оның қозғаушы күштері. Індет бұғауы және оның буындары.
  3. Індеттік және табиғи ошақтар. Аурудан сау емес пункт, шаруашылық және ауру қаупі төнген аймақ.
  4. Жұқтыру және ауру туралы түсінік. Ауруға шалдығу, өлім және шығын. Спорадия, эпизоотия, панзоотия және энзоотия туралы түсініктер.
  5. Індеттанулық зерттеу – індеттанудың негізгі әдісі.
  6. Дезинфекция. Дезинфекцияның әдістері, түрлері және оның жабдықтары. Дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу.
  7. Дезинсекция. Дезинсекция әдістері, түрлері және оның жабдықтары. Дезинсекцяны ұйымдастыру және жүргізу.
  8. Дератизация. Дератизация әдістері, түрлері және оның жабдықтары. Дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу.
  9. Топалаң. Балау және алдын алу шаралары.
  10. Ауыл шаруашылық жануарларының туберкулезі.
  11. Ауыл шаруашылық жануарларының бруцеллезін балау.
  12. Аралардың инфекциялық аурулары (америкалық және европалық шіріме). Диагностика және күресу шаралары.
  13. Құтыру және Ауески ауруы. Ажыратып балау және алдын алу шаралары.
  14. Аусыл. Балау және алдын алу шаралары. Аумақты зоналдау және кластерлеу.
  15. Некробактериоз. Балау және алдын алу шаралары.
  16. Лептоспироз. Балау және алдын алу шаралары.
  17. Листериоз. Балау, емдеу және күресу шаралары.
  18. Шошқаның европалық және африкалық обалары. Ажыратып балау және күресу шаралары.
  19. Шошқа тілмесі. Балау, емдеу және күресу шаралары.
  20. Жылқы маңқасы. Балау және күресу шаралары.
  21. Жылқы сақауы. Балау және күресу шаралары.
  22. Қарасан. Балау және күресу шаралары.
  23. Инфекциялық энтеротоксемия және брадзот. Балау және күресу шаралары.
  24. Құстың инфекциялық ауруларын (пуллороз, Ньюкасл ауруы, ларинготрахеит, Марек ауруы) балау және олармен күресу шаралары.
  25. Балық аурулары (аэромоноз). Балау және күресу шаралары.
  26. Ет қоректілердің және терісі бағалы аңдардың (оба, күзендердің алеут ауры) аурулары. Балау және күресу шаралары.
  27. ІҚМ паратуберкулездік энтериті. Балау және күресу шаралары
  28. ІҚМ вирустық диареясы және ринотрахеиті. Балау және күресу шаралары
  29. Жылқылардың індеттік лимфангиті және ринопневмониясы. Балау және күресу шаралары
  30. ІҚМ нодулярлық дерматиті. Балау және күресу шаралары. 

«Эксперимент теориясы мен әдістері» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Талдау ұғымын анықтаңыз, талдаудың негізі неде? Талдау түрлері.
  2. Эксперимент дегеніміз не?
  3. Дисперсияны талдау дегеніміз не, ол не үшін қолданылады?
  4. Ғылыми зерттеудің негізгі түрлерінің мәні неде?
  5. Ғылыми әдіске қойылатын негізгі талаптар қандай?
  6. Деректерді өңдеудің ең тиімді әдістері қандай?
  7. Эксперимент техникасы қандай бөлімдерден тұрады?
  8. Зерттеу жұмысының нәтижелерін кезең-кезеңмен сипаттаңыз.
  9. Ғылыми зерттеулердің экономикалық тиімділігін есептеу үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?
  10. Патент дегеніміз не? Құқықтық қорғаудың көлемін не анықтайды?
  11. Авторлық құқық объектілерін атаңыз.
  12. Эксперимент әдіснамасының кезеңдерін атаңыз.
  13. Ғылыми зерттеудің теориялық және тәжірибелік бөліктері бір-бірімен байланысты ма?
  14. Деректерді өңдеу әдістерін атаңыз.
  15. Қателіктердің түрлерін атаңыз.
  16. Қорытынды дегеніміз не және қорытынды жасауға қандай талаптар қойылады?
  17. Зерттеу түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
  18. Зерттеу жұмысының нәтижелерін іске асырудың барлық кезеңдерін атаңыз және сипаттаңыз.
  19. «Ғалым этикасы» ұғымдарының «ғылым этикасынан» қандай айырмашылығы бар?
  20. Қолданбалы зерттеулерді кім жүргізеді?
  21. Ғылыми шығармашылықтың формалары мен әдістері қандай?
  22. Университетте зерттеу жүргізу сызбасын жасаңыз.
  23. «Ғылыми жұмыс» ұғымын беріңіз және ғылыми жұмыстың негізгі белгілерін көрсетіңіз.
  24. Ғылыми зерттеудің үш түрін мақсатына сай атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
  25. Іргелі және қолданбалы зерттеулерге сипаттама беріңіз.
  26. Ғылыми зерттеулердің кезеңдерін атаңыз.
  27. Ғылыми тәжірибелер әдістерін атаңыз.
  28. Дедукция және индукция дегеніміз не. Олардың арасында байланыс бар ма?
  29. Зерттеу нәтижелерін ұсынудан қандай бөлімдер тұрады?
  30. Қорытынды мен қорытындының айырмашылығы неде? 

«Ветеринариялық санитарияның заманауи мәселелері» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. ҚР ветеринариялық қызметтің жалпы жағдайы. ҚР ветеринариялық қызметінің алдында тұрған баты мәселелер.
  2. Тағам қауіпсіздігі саласына қатысты Халықаралық аспекттер.
  3. Шикізаттар мен өнімдерді ветеринариялық-санитарлық бақылаудың тиімділігі.
  4. ҚР тағам қауіпсіздігі саласындағы құқықтық және нормативтік аспектілер.
  5. ГМО өндірісі, олардың сатылу барысы мен өнімдерде анықтау әдістері.
  6. Өнімдер мен азықтар құрамында техногенді және биологиялық текті ксенобиотиктер болуы мөлшерін мониторинглеу қажеттілігі.
  7. Дәстүрлік емес азықтарды ветеринариялық-санитарлық бағалау.
  8. Тағамдардың генетикалық модифицирленген түрлерінің биологиялық ерекшеліктері мен қауіпсіздігі.
  9. Қазіргі уақыттағы дезинсекциялық заттар жайындағы жалпы ахуал. Дезинсекциялық заттарды іздестіріп, құрастыруға қатысты айла-амалдар.
  10. ХАССП (тәуекелділік пен қауіпті бақылау нүктелерін талдау жүйесі) тәртібі негізінде тағам өнімдерінің сапасын бақылап, басқару.
  11. Жаңа дезинфекциялық заттарды іздестіру, құрастыруға қатысты қазіргі заманғы айла-амалдар.
  12. Қазіргі заман талаптарына сәйкес «Ветеринария туралы» Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.
  13. Дератизациялық заттарды құруға қатысты қазіргі заманғы жаңа тәсілдер.
  14. Өнімдерде дәстүрлік емес азық қалдықтарын анықтау әдістері.
  15. Ветеринариялық-санитарлық шараларды өткізуге қажетті жаңа технологиялық тәсілдер мен аппараттарды пайдаланудың жаңа әдіс-тәсілдері.
  16. Карантиндік аурулар кезінде өнімдердің сантарлық бағалануы.
  17. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар.
  18. Жылдам бүлінетін тағам өнімдерін сақтау жағдайлары мен мерзімдеріне қатысты қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
  19. Микробтық этиологиядағы тағамнан болатын уланулар.
  20. Микробтық емес этиологиядағы тағамнан болатын уланулар.
  21. Қазақстан Республикасында жануар текті өнімдер қауіпсіздігінің мәселелері. Мемлекекттік сатылымдар кезіндегі мәселелелер.
  22. Сүт өнеркәсібі нысандарында санитарлық-гигиеналық мәселелерді шешудегі заманауи әдістер. Ынталандыратын қоспалар.
  23. Ет-сүт өнеркәсібі нысандарында дезинфекция өткізу,құрылғыларды жуу,жуғыш заттар.
  24. СИП автоматты түрде орнату. Дезинфекциялаудың аэрозольды әдісі.Тазалықты сақтау жөніндегі жетекшіліктер . Персональды гигиена.
  25. Ет өнеркәсібі нысандарының санитарлық жағдайының мәселелерін шешу. Қолданылатын жуғыш және дезинфекциялағыш заттар.
  26. Ет-сүт өнеркәсібі нысандарында қолданылатын негізгі дезинфектанттар.
  27. Құс өндіруші кәсіпорындарда санитарлық-гигиеналық бақылау спецификалары.
  28. Құс өнімдерінің бактериялармен жанасу кезіндегі мәселелері. Кампилобактерияларды және сальмонеллдерді бақылау.
  29. Өндірілетін сүттің санитарлық-гигиеналық сапасын анықтайтын факторлар.
  30. Кеміргіштермен күресуге арналған заманауи заттар, олардың  кеміргіштердің ағзасына әсер ету механизмі және өндіруші кәсіпорындарда қолдану ерекшеліктері.