D138-Ветеринария

«Эксперименттің теориясы және әдістері» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Ғылым мен оның  қамтамасыздандырылуы.  Ғылым  туралы  түсінік. Ғылыми зерттеулердің принциптері, мақсаты мен міндеттері.
  2. Ғылыми зерттеулердің теориялық бөлімі. Тақырып таңдаудың негізі, зерттеудің  тəжірибелік  маңызы  мен  қолданысқа  енгізілуі,  жаңалығы, экономикалық тиімділігі, экологиялық жəне саяси маңызы.
  3. Ғылыми зерттеулердің тəжірибелік бөлімі. Міндеттер, ұйымдастыру мен тəжірибелік зерттеулердің этаптары.
  4. Эксперименттің əдістемелік қамтамасыздандыру.
  5. Тəжірибе қоюдың тəртібін құрастыру, ғылыми зерттеу объектілерін таңдау, дайындау.
  6. Тəжірибе нəтижелерін талқылау мен анализі. Қорытынды.
  7. Бактериологиялық зерттеулерге сынамаларды алу тəртібі.
  8. Ғылыми зертеулердің нəтижелерін рəсімдеу.
  9. Зерттеу нəтижелерін биометриялық өңдеу.
  10. Зерттеу нəтижелерінің тиімділігі.
  11. Ғылыми зерттеулерді қолданысқа енгізу. тұлғаның интеллектуалдық потенциалын дамыту жолдары.
  12. Ғылыми мақалаларды, авторлық куəлікті, ғылыми есептерді, монографияларды, т.б. дайындау.
  13. Ветеринарияда қолданылатын негізгі зерттеу əдістері.
  14. Ғылымның этикасы мен моралі.
  15. Эксперимент жүргізудің неізгі әдістері мен жадығаттары.
  16. Маркетингті мәліметтердің 4 көмекші жүйелеріне сипаттама беріңіздер.
  17. Pепродуктивтік трактың ультра дыбыстық көрінісі. Жатырдың қалыпты кезіндегі ультра дыбыстық зерттеу процедурасы.
  18. Ветеринариядағы зерттеулердің заманауи тәсілдері (серологиялық, молекулярлық-генетикалық, компюьтерлік томография, ультрадыбысты зерттеу және т.б.).
  19. Нарықты сегментациясы.
  20. Лапароскопия әдістерін пайдалана отырып жануарлардың акушерлік-гинекологиялық ауруларын диагностикалау.
  21. Жарнама түрлеріне сипаттама беріңіздер.
  22. Жануардың организмде химиялық заттардың қалдығын анықтау үшін заманауи физикалық-химикалық әдістерді қолдану ережелері
  23. Кафедраның ғалымдарымен өңделген ұлпалы препараттардың организмге тигізетін әсерін ашып беріңіз.
  24. Қандай белгілермен тұтынушылардың қажеттілігі орындалады.
  25. Эмпириялық деңгейге қандай әдістер жатады.
  26. Гинекологиялық зерттеудің әдістері (анамнез жинау деректері, жануар-ларды клиникалық зерттеу, зертханалық зерттеулер ).
  27. Абстракциялау және оның түрлері.
  28. Ультрадыбысты пайдалану неге негізделген?
  29. Түсіндірмелермен 4 нарық құрылымын сипаттаңыз.
  30. Ғылым саласы бойынша зерттеу әдістердің жіктелуі.
  31. Жануарлардың репродуктивтік мүшелерін зерттеудің клиникалық және биофизикалық әдістері
  32. Классикалық терапия әдістерімен салыстырғанда сиырларды емдеудің дәстүрлі емес әдістерінің артықшылығы?
  33. Ультрадыбыстық жабдықтың жұмыс принциптері.
  34. Ғылыми зерттеулердің интенсификациялау жолдары.
  35. Акупунктураның әсер ету механизмі. 

«Ветеринарлық медицинаның заманауи мәселелері» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі ветеринарлық медицинаның заманауи мәселелері.Ветеринарлық медицинаның құрылымы, мақсаттары мен міндеттері. Ветеринария ғылымының және тәжірибе жағдайы.
  2. ХЭБ, ДДСҰ, БҰҰ жер үстіндегі және су жануарларына қатысты шығарған заңнамалық және нормативтік құжаттар. Қабылданған құқықтық құжаттардың мәні.
  3. Аса қауіпті  инфекциялық  жəне  инвазиялық  ауруларды  Мемлекеттік ветеринариялық бақылау. ХЭБ  мақсаттарымен міндеттері.
  4. Экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша қоршаған орта нысандарын зерттеудің заманауи әдістері
  5. Малдардың, құстар, балықтар жəне бал  арасының  аса  қауіпті  инфекциялық  жəне инвазиялық ауруларын Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау мен бақылау.
  6. 6.Балықтардың инфекциялық ауруларымен күресу шараларымен балаудың заманауи әдістері
  7. Иммунологияның заманауи мəселелері. Организмнің: орталық иммундық жүйесі(сүйек кемігі, тимус,  Фабрициус  қалтасы)  жəне  перифериялық иммундық жүйесі(лимфа бездері, талақ, солитарлық фолликулдар, қан).
  8. Иммунологияның заманауи мəселелері. Иммундық жүйеде Т жəне В-лимфоциттер жүйесі мен макрофагтардың маңызы.
  9. Иммундық жауаптың түрлері: иммундық  жады,  транспланттанты қабылдамау, шек тыс сезімталдық, антидене пайда болу үрдісі ж.т.б
  10. Ветеринариялық фармакологияның заманауи мəселелері. Фармако-логиядағы жаңа қолданылатын заманауи дəрі-дəрімектері.
  11. ҚР ветеринариялық фармакологиялық өндірістің заманауи жағдайы.
  12. Қазіргі заманауи фитотерапиялық препараттар және иммуномодуляторлар. Жануарлар мен құстардың минералды жетіспеушілігін емдеу және алдын-алу үшін қолданылатын жаңа ветеринариялық препараттар.
  13. 13.Экологияның қазіргі замандағы өзекті мəселелері.  Сыртқы  ортаны қорғаудағы  Мемлекеттік  қадағалау  принциптері  мен  қорғау  сұрақтары бойынша жаңашыл бағыттар.
  14. ҚР территориясындағы радиациялық жағдай жəне оның жануар мен адам организміне тигізетін əсері.  Сыртқы ортаны қорғау тəсілдері.
  15. Жануарлар, құстар, балықтардың ішкі жұқпалы емес ауруларын балау, емдеу мен дауалаудың заманауи тəсілдері.
  16. Жануарлар мен құстардың  хирургиялық  ауруларын  балау,  емдеу  мен дауалаудың заманауи тəсілдері
  17. Жануарларға көрсетілетін ветеринариялық  жəрдемнің  заманауи мəселелері.
  18. Хирургиялық инфекцияның алдын-алу шараларының мəселелері.
  19. Наркоз жəне наркотикалық заттарды қолдану барысындағы қойылатын талаптар мен туындайтын  заманауи  мəселелер.  Жалпы  жансыздандырдың міндеттері.
  20. Көз ағзаларын емдеу жəне алдын-алу шараларының заманауи мəселелері
  21. Малдың сирақ ауруларын емдеу кезіндегі заманауи мəселелері.
  22. 22.Аралар, балықтар, құстар және жануарлардың гинекологиялық ауруларының замануи балау әдістері.
  23. Ветеринариялық акушерлікте, гинекологиядағы заманауи проблемалар
  24. Көбею биотехникасындағы заманауи мәселелері.
  25. Малдардың буаздылығын жəне бедеулігін биофизикалық əдістермен анықтау
  26. Ветеринарлық фармакологиядағы қолданылатын заманауи дəрі-дəрімектері.
  27. Жануарларды, құстарды, балық пен бал арасын бағып-күтудің заманауи жүйелері.
  28. Індеттанудың Жеті заңын талдап берініз
  29. ҚР және шет елдердегі індеттанудың заманауи өзекті мәселелері.Мемлекетіміздің індеттік жағдайының көрінісі.
  30. Ветеринариядағы зерттеулердің заманауи тәсілдері (серологиялық, молекулярлық-генетикалық, компюьтерлік томография, ультрадыбысты зерттеу және т.б.).
  31. Аналық жыныс бездерінің ауруларын диагностикалау
  32. ҚР-да шет елдерде ТМД- елдердегі Ветеринарияның мәселесі. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының негізгі себептері және күресу шаралары
  33. Жануарлардың пестицидтермен улануының балауы қандай этаптардан тұрады?
  34. Биофизикалық әдістерімен ұсақ қара малдың акушерлік-гинекологиялық ауруларын диагностикалау
  35. Шекараны жануарлардың аса қаупті инвазиялық аурулардың енуінен қорғау 

«Жануарлардың инвазиялық  және инфекциялық ауруларының замануи балау әдістері» пәні бойынша докторантураға түсу емтиханына арналған сұрақтар 

  1. Паразитологияның заманауи мəселелері. ҚР мен шет елдердегі аса қауіпті Паразитоздар (спируратоздар, филяриатоздар, тениидоздар) тоқталу.
  2. Жануарлар, құстар, балықтардың инвазиялық ауруларын балау мен дауалаудың заманауи тəсілдері.
  3. Жұқпалы ауруларды мониторинглеу жəне болжамдау əдістемесі.
  4. Балық шаруашылықтары мен ара шаруашылықтарындағы қолданылатын заманауи күту мәселелері мен ветжәрдем беру жолдары.
  5. Жануарлардың, құстардың, балықтардың және аралардың аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық ауруларына ветеринарлық бақылау және қадағалау.
  6. Ауысылды дауалау және онымен күресу шаралары.
  7. Құтырықты дауалау және онымен күресу шаралары.
  8. ҚР-на шет елдерден  əкелінген  ауылшаруашылық  жануарлармен енгізілген жұқпалы аурулар. Ветеринариядағы осыған қатысты қабылданған заңнамалар мен нормативтік-құқықтық құжаттар.
  9. Індеттік жағдай, аурудан сау емес пункт, шаруашылық және ауру қаупі төнген аймақ туралы түсінік
  10. Аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық ауруларға мемлекеттік ветеринариялық бақылау. ХЭБ мақсаты мен міндеттері.
  11. Ауылшаруашылық малдарының бруцеллезін дауалау және онымен күресу шаралары.
  12. ҚР мен шет елдердегі ветеринария саласындағы ХЭБ, ДДҰ, БҰҰ-ның азық және ауылшаруашылық ұйымдарының, ДСҰ жердегі және судағы жануарларға қатысты қабылданған заңнамалар мен нормативтік-құқықтық құжаттар.
  13. Ауылшаруашылық малдарының туберкулезін дауалау және онымен күресу шаралары.
  14. Індеттанулық тексеру және індетке қарсы шараларды жоспарлау
  15. Топалаңды дауалау және онымен күресу шаралары.
  16. Заманауи дəрі-дəрімектерді қолдана инфекциялық аурулармен дертенген малды емдеудің əдістері
  17. Індеттік процес және оның қозғаушы күштері
  18. Жануардлардың, құстарлың, балықтар және аралар арасындағы аса қауіпті гельминтоздардың алдын алу және замануи балау әдістері
  19. Індет бұғауы және оның буындары
  20. Жануарлардың аса қаупті протозооздарының алдын алу және замануи балау әдістері
  21. Шекараны жануарлардың инфекциялық ауруларының енуінен қорғау
  22. Жануарлардың жұқпалы ауруларын жою үшін медициналық және ветеринарлық ғылымдардың алатын орны.
  23. Шошқа тілмесін дауалау және онымен күресу шаралары
  24. Бал араларының инфекциялық ауруларын дауалау және олармен күресу шаралары
  25. Ультра дыбыстық зерттеу және оның принциптері.
  26. Ұсақ қара малдың шешегін дауалау және онымен күресу шаралары
  27. Ультра дыбыстық зерттеудің биологиялық қауіпсіздігі
  28. Етқоректілердің және терісі бағалы аңдардың инфекциялық ауруларын дауалау және олармен күресу шаралары
  29. Індетке қарсы арнайы шаралардың жүйесі
  30. Індеттік жағдайды ескере  шекарасын  анықтау.  Сандық  жəне  сапалық көрсеткіштерді талдау. Жалпы жəне арнайы індетке қарсы шараларды ауру ошағында жүргізу.
  31. Иммундық (имундық дефицит) тапшылық себепті аурулар.
  32. Қазақстан Республикасының аумағын  басқа  мемлекеттерден жануарлардың(сүтқоректілер,  құс,  балық,  бал  арасы)  жұқпалы  жəне экзотикалық ауруларының енуі мен таралуынан қорғау
  33. ТМД елдеріндегі және шетелдердегі ветеринариялық мәселелер. Карантиндік аурулардың таралуының негізгі себептері және олармен күресу шаралары.
  34. Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын-алу үшін қолданылатын қазіргі заманғы биологиялық өнімдер.
  35. Індетке қарсы арнайы шаралардың жүйесі