Магистратура

Білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, оқу орындарының басқа қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 жарлығының шешімі негізінде «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ 2019-2020 оқу жылының үшінші триместрінің сабағын қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізеді.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері Кәсіпкерлік, мансап және бизнесті дамыту орталығымен (КМжБО), кафедралармен және тәжірибе жетекшілерімен келісе отырып, жеке қосымша кесте бойынша жүзеге асырылады.

Қарқын алған ғаламдық үдеріс жағдайында Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру елімізді халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке сай адам ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.

Магистратура – көп салалы университет білімінің ажырамас жүйесінің аса бір маңызды, басым сипаттағы буыны болып табылады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті магистратураның білім беру бағдарламаларының 28 тобы бойынша магистерлерді дайындауды жүзеге асырады.

Магистратурада оқу қазақ және орыс тілдерінде (үш тілдік технология бойынша) екі бағытта жүргізіледі:
- ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл);
- бейіндік (оқу мерзімі 1; 1,5 жыл).

         

Магистратураның білім беру бағдарламалары топтарының тізімі:

  • М008 – Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау
  • М043 - Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны
  • М070 – Экономика
  • М072 – Менеджмент және басқару
  • М073 – Аудит және салық салу
  • М074 – Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
  • М075 – Маркетинг және жарнама
  • М077 – Бағалау
  • М082 – Биотехнология
  • М094 – Ақпараттық технологиялар
  • М096 - Коммуникация және коммуникациялық технологиялар
  • М098 – Жылу энергетикасы
  • М099 – Энергетика және электр техникасы
  • М100 – Автоматтандыру және басқару
  • М103 – Механика және металл өңдеу
  • М104 – Көлік, көліктік техника және технология
  • М111 – Азық-түлік өнімдерінің өндірісі
  • М122 – Сәулет
  • М123 – Геодезия
  • М128 – Жерге орналастыру
  • М130 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
  • М131 – Өсімдік шаруашылығы
  • М132 – Мал шаруашылығы
  • М133 – Орман шаруашылығы
  • М134 - Балық шаруашылығы
  • М135 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • М136 – Автокөлік құралдары
  • М138 – Ветеринария

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар

Магистратураға оқуға қабылдау ережелері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен жүргізіледі (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығы).