Ғылым жаңалықтары

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ішкі гранттық қаржыландыру конкурсына 5 өтініш қабылданды:
«Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша – 3 өтінім; «Су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, экологияны ұтымды пайдалану» басым бағыты бойынша – 1 өтінім; «Энергетика және машина жасау» басымбағыты бойынша– 1 өтінім.
Конкурстын нәтижелері бойынша Сараптама комиссиясы 1 өтінім қайтарылды, 4 өтінім қаржыландыруға мақұлданды:
«Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша:
- «Физиологиялық және биохимиялық әдістер негізінде тұз бен суыққа төзімділік негізінде тарының (Panicum miliaceum L.) сұрыптық генофондын және болашағы бар желілерін скринингін өткізу» (жетекші – Жирнова И.);
- «Трансмайлар құрамы төмендетілген ет өнімдерінің технологияларын жасау» (жетекші – Амирханов Ш.);
«Су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, экологияны ұтымды пайдалану»басым бағыты бойынша«Әр түрлі биологиялық өнімдердің көшеттердің тіршілік ету физиологиялық өсу жылдамдығына әсері Pinus L., Lonicera L., Rubusidaeus L. Солтүстік Қазақстанның кәдімгіқара топырақ жағдайында»(жетекші – Өсерхан Б.);
 «Энергетика және машина жасау» басым бағыты бойынша«Ауылшаруашылық қалдықтарының энергияны қалпына келтіруге әсері: шикі био-май өндірісі үшін сабан биомасса пиролизін зерттеу» (жетекші – Мухамбет Е.). Сараптама комиссиясының 2021 жылғы 08 маусымдағы №2 хаттамасы.

Жеңімпазды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

****************************************************************************

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ішкі гранттық қаржыландыру конкурсына 7 өтінім қабылдады, оның ішінде «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша - 2 өтінім; «Энергетика және машина жасау» - 2 өтінім; «Өмір және денсаулық  туралы ғылымдар» - 1 өтінім; «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология» - 1 өтінім; «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» - 1 өтінім.

Конкурстың нәтижелері бойынша Сараптама комиссиясы (2021 жылғы 1қаңтардағы №38-Нбұйрығы) 6 өтінімдірәсімді белгілер бойынша қайтарылды. Сонымен қатар «Ауылшаруашылығыөсімдіктерін аурулардан қорғау үшін Триходермин-KZ отандық биофунгицидін өңдірудің биотехнологиясын жасау»тақырыбындағы жоба (жоба жетекшісі - Ерпашева Д.М.)«Өмір және денсаулық туралы ғылым»басым бағыты бойынша қаржыландыруға мақұлданды (Сараптама комиссиясының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 1 хаттамасы).

Жеңімпазды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

****************************************************************************

Web of Science халықаралық ақпараттық-талдау платформасының деректері бойынша, С.Сейфуллин ат. ҚАТУ «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards» тәуелсіз марапатының Қазақстан Республикасының аграрлық университеттері арасындағы соңғы 3 жылдағы Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартиль журналдарындағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» номинациясы бойынша иегері болды.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ұжымын құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

****************************************************************************

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының 2020 жылғы 04 маусымдағы № 215 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының 2012 жылғы 16 шілдедегі № 1082 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің хабаршысы» ғылыми журналының (бұдан әрі - Журнал) техникалық ғылымдар бойынша кіреді.  

Журналдың материалдарында ауылшаруашылық, биологиялық, химиялық, техникалық, экономикалық ғылымдардың, сондай-ақ жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі салаларындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін көрсететін қолданбалы және іргелі сипаттағы түпнұсқалық мақалалар жарияланады.

Ғылыми басылымның мақсаты - теория мен озық практиканың заманауи талаптарына жауап беретін түпнұсқа ғылыми мақалаларды жариялау. Журнал аграрлық ғылым мен өндірістің өзекті мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, жоғары кәсіби мамандар мен жаңа бастаған зерттеушілердің қарым-қатынас тұғырнамасы ретінде қызмет етеді.

Толығырақ ақпарат журналдың сайтында орналастырылған http://bulletinofscience.kazatu.kz/ru/demands/. 

****************************************************************************

Жас ғалымдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері бойынша 2020-2022 жылдарға арналған «Өмір және денсаулық туралы ғылым» басым бағыттағы Ұлттық ғылыми кеңестердің хаттамалық шешімімен (2020 жылғы 10-12 наурыздағы № 2) және «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі» (2020 жылғы 10-13 сәуірдегі №1 хаттама), 8 жоба мақұлданды:

  1.  AP08052252 «Молекулалық биотехнология әдісі көмегімен жабайы жыртқыштардың арасында паразиттердің кең таралған түрлерін анықтау әдісін әзірлеу»  (жоба жетекшісі - Киян В.С.).
  2. AP08052781 «Ақмола облысының құрғақ далалы аймағы жағдайында ҰММ-ды (сүтті ешкілер) жыл бойы толыққанды мал азығымен қамтамасыз ету үшін шикізат конвейерін жасау» (жоба жетекшісі - Ногаев А.А.).
  3. AP08052747 «ГАЖ-технологиялары мен Жерді қашықтықтан зондтау әдістерін инновациялау негізінде Солтүстік Қазақстанның егіншілік аудандарында зиянды саяқ шегірткелерді фитосанитариялық бақылау» (жоба жетекшісі - Байбусенов К.)
  4. AP08051983 «Жануарлар өнімділігін жоғарлататын және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасымен қауіпсіздігін бағалай келе полифункционалды азық қоспаларын әзірлеу және өндіріске енгізу» (жоба жетекшісі -Балджи Ю.А. )
  5. АР08052570 «Қой сүтін өндіру және өңдеу технологияларын жасау» (жоба жетекшісі - Ибраев Д.К. )
  6. AP08053217 «Құс етін өндіру мысалында жеке қосалқы шаруашылықтардың тиімді қызмет ету үлгісін әзірлеу» (жоба жетекшісі - Сагинбаева М.Б.)
  7. AP08053353 «Қазақстан аумағында айналымдағы құтыру вирусын молекулярлық-биологиялық талдау» (жоба жетекшісі - Есембекова Г.Н. )
  8. AP08052699 «Топырақ-өңдеуші машиналардың ауыр-жүктелген бөлшектерін инновациялық плазмалық технология арқылы беріктендіретін тәжірибелік участок әзірлеу және жасау» (жоба жетекшісі -Гуляренко А.А. )

***************************

ҚАТУ Ғылым жаршысы» журналының 2019 жылғы бірінші нөмірінен бастап CAB International халықаралық ұйымында индекстелді

CAB International – Британдық Достастыққа мүше 28 мемлекеттен тұратын халықаралық ұйым, қазір оның құрамына 40 ел кіреді. Біздің журналымызды индекстеу біз үшін ғылыми нәтижелерімізді таратуға және дамушы елдерде олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми білімді қолдануға мүмкіндік береді. CAB Abstracts деректер базасында 150-ден астам елде, 50-ден астам тілде жарияланған әдебиеттер индекстелді. Бұл-біздің журналымыздың халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне шығу жолдарының бірі.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті КеАҚ  2020 ж. 16 қаңтар  ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитация туралы куәлік алды

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ҚР БҒМ Ғылым комитеті 2019 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін 6 атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендиялардың жұмыстарын қабылдауды жүзеге асырды.

Конкурстың нәтижесі бойынша «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 517 бұйрығымен тағайындалды: 

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:

жетекші ғалымдар в.ғ.д. С.Қ. Әбдірахманов - ветеринария және мал шаруашылығы  технологиясы факультетінің деканы;

 жас ғалымдар PhD Л.Т. Аутелеева–   ветеринария және мал шаруашылығы  технологиясы факультетінің қауымдастырылған профессордың м.а.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті алғаш рет 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бағытында 4 бағдарламаның әкімшісі болды:

  1. Солтүстік Қазақстан облысында «демонстрациялық шаруашылықтар (полигондар)» қағидаты бойынша өсімдік шаруашылығын өндіруде нақты фермерлік техниканы беру және бейімдеу;
  2. Солтүстік Қазақстанның сүт фермаларында өндірістік үдерістерді оңтайландыру үшін инновациялық технологияларды трансферттеу және бейімдеу;
  3. Агроөнеркәсіп кешені қайта өңдеу кәсіпорындарының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми-технологиялық қамтамасыздандыру;
  4. Орталық және Солтүстік – Шығыс Қазақстанның негізгі орман түзуші ағаштарының микоризалық макромицеттері және сүректі орман тұқымдастарының сеппелерін жасанды микориздеу үшін оларды пайдалану.

Бұдан басқа, 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақсатты қаржыландыру бағдарламасының әкімшісі:

  1. «Солтүстік және Орталық Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген,  жұмсақ бидай, арпа және ноқаттың жаңа жоғары өнімді селекциялық линияларын алу мақсатында  молекулалық генетика жетістіктерін қолдану».

2018 жылға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды қаржыландырудың жалпы сомасы 628169,9 мың теңгені құрады.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2018 жылы университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы Web of Science және Scopus дерекқорларына енгізілген журналдарда 119 мақала жариялады.

Дәл осы жылы, Университет Scopus деректер базасына енгізілген жарияланымдардағы  баспаға шыққан мақалаларының өскені үшін, 13 қарашада Астана қаласында өткен «Award Ceremony and Science Forum» Бірінші Ғылыми форумында марапатталды.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 2018 ж. 1 қарашада  ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитация туралы куәлік алды.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

18 мамыр күні 2018 ж. 6D012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша университет тарихында алғаш рет дисертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін беру бойынша докторлық диссертациялық жұмыстардың қорғауы өтті.

Докторанттар Ташкенбаева Жұлдыз Мұхтарқызы «Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбына жазылған диссертациялық жұмысын және Алшынбаева Жұлдыз Елдосқызы «Дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау» тақырыбында жазылған дисертациялық жұмысын қорғады.

Ж.М.Ташкенбаева ресми рецензенттері ретінде п.ғ.д., Қазақ Ұлттық аграрлық университеті профессоры – А.Қ. Қозыбай және п.ғ.к., Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценты Әбілқасымова Гүлзәм сын пікірлерін берді.

Ж.Е.Алшынбаева ресми рецензенттері ретінде п.ғ.д., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті профессоры  Беркимбаев К.М. және  п.ғ.к., доцент «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан Омаров С. Қ. сын пікірлерін берді.

Диссертациялық кеңес отырысына шетелдік ғылыми кеңесші, диссертациялық кеңес мүшесі п.ғ.д., профессор В.П.Тарантей және п.ғ.д., профессор Т.О.Балықбаев, п.ғ.д., профессор Абдыров А.М., п.ғ.д., профессор Мусалимов Т.Қ., п.ғ.д., профессор Құсайынов А.Қ., п.ғ.д., профессор Адильгазинов Г.З., PhD  Tsediso Michael Makoelle, п.ғ.д., профессор Т.Т. Галиев, п.ғ.д., профессор Б.Т.Ортаев, п.ғ.к., доцент С.К.Омаров., п.ғ.к., доцент М.Д.Есекешова қатысты.

Кеңестің төрағасы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор – Т.К.Мусалимов.

Төрағаның орынбасарлары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор – А.М.Абдыров. Т.Т Галиев.

Ғалым хатшы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент – М.Д.Есекешова.

Ашық түрде қорғалған диссертациялық жұмысының негізінде және жасырын дауыс беру нәтижесінде Ташкенбаева Жұлдыз Мұхтарқызы және Алшынбаева Жұлдыз Елдосқызының диссертациялық жұмысы РhD докторы дәрежесін беру талаптары бойынша «Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің» 2-бөліміне лайық деп танып, оған 6D012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша РhD философия докторы дәрежесін беруге ұсынылды.

----------------------------------------------------------------------

Профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу саласындағы жетістіктері

2016 жылдың қортындысы бойынша үздік мақала болып - Thomson Reuters мәліметтер базасына кіретін импакт факторы – 4,495 болған Frontiers in Plant Science журналында жарияланған, авторлары  Shavrukov Y., Zhumalin A., Serikbay D., Botayeva M.,  Otemisova A., Absattarova A., Sereda G., Sereda S., Shvidchenko V., Turbekova A., Jatayev S., Lopato S., Soole K., Langridge P. «Expression Level of the DREB2-Type Gene, Identified with Amplifluor SNP Markers, Correlates with Performance, and Tolerance to Dehydration in Bread Wheat Cultivars from Northern Kazakhstan» атты мақаласы ұсынылды.

«Факультет және кафедралардағы  профессор-оқытушылар құрамын материалдық ынталандыру жүйесі туралы ережеге» сәйкес 2016 жылы «Нәтижелі ғалым» номинациясы  ең жоғары балл жинаған техникалық факультетінің деканы, т.ғ.д. Нөкешев Саяхат Оразұлына берілді.

Ғылыми-зерттеу қызметі қорытындысы бойынша «Үздік факультет» коллективті жетістік номинациясын Агрономиялық факультет, ал «Үздік кафедра» болып – «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы»  кафедрасытанылды.

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен ғылым саласында жарияланған байқау шеңберінде «2016 жылы Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен ғылым саласында атаулы сыйақылар беру туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 қарашадағы №675 Ғылым және білім министрлігінің бұйрығымен «Сәкен Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ қызметкерлеріне келесі мемлекеттік ғылыми стипендиялар берілді: жетекші ғалымдарға - Майқанов Балғабай Сәдепұлына және Грузин Владимир Васильевичке, жас ғалымдарға - Ибраев Дулат Құсайынұлына.

---------------------------------------------------------------------------

Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы өтт
2013 жылғы 24-25 маусымда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Ғылыми-техникалық кеңес жұмысына оған мүше тұлғалар, оның ішінде Мал шаруашылығын асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» ЖШС, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық комиссия және т.б. ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы келіп қатысты.
Ғылыми-техникалық кеңес жұмысы барысында факультет декандарының С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру индикаторларының орындалысы бойынша 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған іс-шаралар туралы есебі тыңдалып, кафедралардің ғылыми-зерттеу қызметінің 2013-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламалары ұсынылды.
Магистрлік және докторлық диссертация жұмыстарының ғылыми тақырыптарын өзектендіру бойынша комиссия төрағалары Ғылыми-техникалық кеңес мүшелерінің қарарына магистратура мен докторантура мамандықтары жігінде тақырыптарды өзектендіруге қатысты жүргізілген жұмыстардың нәтижесін баяндады.
СҒЗЖ кураторының 2012-2013 оқу жылындағы университет студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есебі тыңдалды.



С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Elsevier» компаниясымен «Ғылыми жұмыстарды жазу шеберлігі» атты авторлық семинарын өткізді

Ғылым және инновациялар Департаменті Ғылыми кітапханамен бірлесе отырып, 2013 жылдың 4 наурызында «Elsevier» компаниясының «Ғылыми жұмыстарды жазу шеберлігі» атты авторлық семинарын өткізді.
«Elsevier» – ғылым, білім және медицина салаларында өнім және инновациялық шешім ұсынатын әлемдегі ірі баспалардың бірі.
Жүздеген әлемдік деңгейдегі ғылыми және медициналық қоғамдастықтар мен қауымдастықтармен серіктесіп жұмыс жасай отырып, «Elsevier» компаниясы The Lancet және Cell секілді дүниежүзіне танымал журналдарды қоса есептегенде 2500-тен астам журнал шығарады, сонымен қатар «Elsevier» құрамына кіретін Mosby және Saunders секілді баспалардан 20000 шамасында кітап пен анықтамалық басылымдар шығарады.
Қазақстан және ТМД елдері үшін «Elsevier» тек ғалами емес, сонымен қатар Science & Technology және Health Sciences еншілес орыс тілді сайттарында танысуға болатын жергілікті өнімдер мен шешімдер ұсынады.
Семинар жұмысына университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары, магистранттары, сонымен қатар басқа да ғылыми мекемелер мен оқу орындарының өкілдері қатысты.
Семинар қорытындысында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.





С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ G-global Коммуникативтік алаңының қызметінде белсенді ат салысуда


Ғылым және инновациялық қызмет Департаменті G-global Коммуникативтік алаңының қызметін қолдау аясында келесідей іс-шаралар ұйымдастырды:

1. G-global сайтында 5160 адам тіркелді, соның ішінде 4386 студент, 148 магистрант, 10 докторант және профессорлық-оқытушылық құрамның 616-cы;

2. «Жарияланымдар» бөлімінде орналастырылған студенттер, магистранттар, докторанттардың мақалалары мен жобалары Ғалымдар Клубы Еуразиялық Қауымдастығының жариялаған конкурстарында қатысуда;

3. G-global алаңында студенттер, магистранттар мен докторанттар арасында төменде көрсетілген тақырыптар бойынша онлайн-пікірталастар жүргізілді:
- ДСҰ: Қазақстан тұтынушысы үшін позитив немесе бизнесі үшін негатив;
- ДСҰ-ға кірудің негативті жағының болжамы;
- Қазақстан үшін ДСҰ-ға кірудің өзектілігі;
- Қазақстанда оңтайландырудан кейін 100 жоғары оқу орындары қалады.

4. Экономикалық факультеттің ғалымдары 2013 жылдың 29 сәуірінде «Қазақстан экономикасы ДСҰ-ға кіру қарсаңында» тақырыбында П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің, Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің және Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қатысуымен видеокездесу тәртібінде онлайн-конференциясын өткізді:

5. Техникалық факультет пен Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің ғалымдары бірлесіп 2013 жылдың 3 мамырында «Техникалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің мамандырылған біліктілігін қалыптастыру» тақырыбында С.Аманажолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттерінің қатысуымен онлайн-конференциясын өткізуді жоспарлап отыр;

6. G-global Коммуникативтік алаңының «Жарияланымдар» бөлімінде профессорлық-оқытушылық құрамның, докторанттардың, магистранттар мен студенттердің 62 ғылыми мақалалары орналастырылды.




Құттықтаймыз! С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер арасында өткізілген технологияларды коммерциялау Кеңсесін ашу және дамыту бойынша қолдау көрсету конкурсының жеңімпазы атанды.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ 2010 жылдың 30 қарашасында №1308 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға себептесу Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2013 жылдың 1 сәуірінде ғылыми-зерттеу ұйымдары (ҒЗИ, ЖОО және т.б.) арасында технологияларды коммерциялау Кеңселерін ашу және дамыту бойынша қолдау көрсетуге конкурс жариялады.

2013 жылдың 24 сәуірінде конкурстық іріктеу нәтижесінде біздің университет Қазақстан Республикасы бойынша 6 жеңімпаздың қатарына қосылды.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де технологияларды коммерциялау Кеңсесін ашу және дамыту бойынша «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның қолдауы «Ұлттық инновациялық жүйесі институттарының қызметтерін төлеу» 012 бюджеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылады және келесідей іс-шаралардан тұрады:
- С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің технологияларды коммерциялау Кеңсесінің қызметін ұйымдастыру бойынша, сонымен қатар әрі қарай коммерциялау мақсатында жобаларды іріктеуді жүргізу бойынша әдіснемелік қолдау көрсету;
- С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің технологияларды коммерциялау Кеңсесінің кем дегенде 1 (бір) қызметкерінің қызметін төлеу;
- С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің технологияларды коммерциялау Кеңсесінің қызметкерлерін оқыту бағдарламасына сәйкес технологияларды коммерциялаудың бағыттарын, құралдарын және әдістерін оқыту;
- технологияларды коммерциялау, зияткерлік меншік объектілерін қорғау, ілгері бастыру және т.б. бойынша консультациялық көмек көрсету.

за 2018 год

ҚазАТУ студенттері Хакатон байқауының арнайы жүлдесіне ие болды
Республикалық ғылыми-теориялық конференция «Student and Science: vision of the future»
Харбин ветеринарлық зерттеу институтының делегациясы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне іссапармен келді
ҚАТУ Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде
Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесу өтті


за 2017 год
13.11.2017 - Ғалым  марапаты
18.09.2017 - ҚазАТУ қытайлық мамандармен әріптестікті нығайтуда
5.07.2017 - Астанада өткен «Жібек жолы» ауыл шаруашылық білім беру және ғылыми инновациялар Альянсының Екінші мәжіліс аяқталды
1.07.2017 - «Жібек жолы» ауылшаруашылық білім беру және ғылыми инновациялар Альянсының Екінші мәжілісі
1.07.2017 - Мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар марапатталды
30.06.2017 - Астанада «Жібек жолы» ауыл шаруашылық білім және ғылыми инновация Альянсының Екінші мәжілісі өтеді Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігі Баспасөз қызметі хабарлайды
29.06.2017 - XІІІ  Халықаралық IEEE  және Энергетика жөніндегі   SIBCON-2017   халықаралық  конференциясы басталды
29.06.2017 - КазАТУ-да Эразмус+ Халықаралық конференция өтуде
28.06.2017 - Қазақстанда тұңғыш рет Жібек жолы белдеуі елдерінің Форумы өтеді
13.06.2017 - Ғылыми семинарға шақырамыз!
18.05.2017 - Онлайн конференция өтті 
24.04.2017 - Ғылыми семинар өтті
21.04.2017 - «Сейфуллин оқулары – 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті

За 2013 год
12.04.2013 - Наурыз мейрамы мен ғылым күні тойланды
09.04.2013 - Студенттік ғылыми-теориялық конференция өтті
29.03.2013 - Инновация – АӨК-нің жаңа даму кезеңіне жол
16.02.2013 - Жас ғалымдарға оқыту семинары өткізілді
14.02.2013 - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ымен Меморандумға қол қойылды
06.02.2013 - Жас ғалымдар кеңесінің мәжілісі өтті
05.02.2013 - «ҚазАгроИнновация» АҚ мен Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды
21.01.2013 - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми–техникалық кеңесінің кезекті отырысы өтті
18.01.2013 - 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға жобаларды дайындауға семинар өткізілді
18.01.2013 - Университет ұстаздары халықаралық ғылыми басылымдарда
18.01.2013

За 2012 год
24.12.2012 - Агрономиялық факультет пен Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің жас ғалымдарын ғылыми жетістіктермен құттықтаймыз!
13.12.2012 - Нанобиотехнологиялар мен ресурстарды үнемдеу Украина мемлекетік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өз ғылыми әзірлемелерімен таныстырды
06.12.2012
27.10.2012
26.10.2012 - «Зерттеу университеті: ғылым, білім беру, инновация синтезі»
04.10.2012
01.08.2012 - «Танап күні-2012»
19.06.2012
12.05.2012 - НЕМІС ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЮДЕ
11.05.2012 - «Жас ғалымдардың Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуындағы рөлі»
21.04.2012 - Халықаралық конференция
17.04.2012
09.04.2012
05.04.2012
02.04.2012 - Студенттік ғылыми-практикалық конференция
30.03.2012
29.03.2012
29.03.2012
29.02.2012
29.02.2012
24.02.2012
21.02.2012
08.02.2012
18.01.2012 - Ғылыми кеңес өтті
18.01.2012 - Тәрбие мәселесі ғылыми кеңесте қаралды
18.01.2012 - «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ инновациялық гранттың иегері атанды

За 2011 год
08.12.2011 - ТКШ саласын ғылыми дамыту мәселелері талқыланды
08.12.2011 - ҚазАТУ базасында «Астана» энергия үнемдеу және білім тарату орталығы ашылды
25.11.2011
28.10.2011
24.10.2011
19.09.2011
01.07.2011
10.06.2011
01.06.2011
28.04.2011
14.01.2011 - Сүйінші!