Жастар ісі

Университетте Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент 2012 жылдың 17 қаңтардағы Ғылыми кеңес шешімімен құрылды.
Департаменттің негізгі мақсаты – жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, қоғамдағы жаңалықтарға ілестіре отырып белсенді өмірге баулу, азаматтық тұрғыдан өзін-өзі дамытуға ықпал жасап, физикалық, интеллектуалдық, мәдени және рухани өcуінде қажеттіліктерін қанағаттандырып, әлеуметтік қолдау көрсету.

Бекітілген концепцияға сәйкес, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дің тәрбие жұмысындағы басым бағыттары төмендегідей:
- азаматтық-патриоттық тәрбие;
- дүниетанымдарын және базалық құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
- адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбие;
- мемлекеттік тілді дамыту және нығайту;
- құқықтық тәрбие және заң бұзушылықтың алдын алу;
- студенттік өзін-өзі басқару ісін дамыту;
- зияткерлік тәрбиесі;
- кәсіби-еңбек тәрбиесі;
- салауатты өмір салтындағы қажеттіліктерді құру;
- дене шынықтыру, сауықтыру және спорт жұмыстары;
- студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- экологиялық тәрбие.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментті Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары – филология ғылымдарының докторы, доцент Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы басқарады.
Мекенжайы: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62 (бас ғимарат), 1101 кабинет,
Телефон: 8 (7172) 317525

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры – ветеринарлық ғылымдарының магистрі - Кукеева Айгерим Аскатовна.

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан  қ., Жеңіс даңғылы, 62 (бас ғимарат) , 1104 кабинет

Тел./факс: 8 (7172) 39-57-47

Тәрбие жұмысы жөніндегі Бас маман – педагогикалық ғылымдарының магистрі Байдалина Гүлден Ерболовна

Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы, 62 (бас ғимарат), 1104 кабинет,
Телефон: 8 (7172) 39-57-47

Тәрбие жұмысы бағыттары:

- тәрбие жұмысы жоспарын және бағдарламаларын жүзеге асыру және ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру;
- іс-шаралардың ағымдық жоспарларын құру және ұйымдастырылуын орындау;
- студенттермен тәрбие жұмысын жүргізуде аудандық, қалалық және республикалық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу;
- рухани-адамгершілік және жоғары мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу жұмысы;
- студенттердің бойында азаматтық, патриотизм, төзімділік, мемлекеттік тілге, басқа халықтардың тілін, дәстүрін, мәдениетін сыйлау және құрметтеуге бағытталған жұмыс жүргізу;
- студенттер арасында салауатты моралды-психологиялық ортаны қалыптастыру;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірігіп, салауатты өмір салтын насихаттайтын кездесулер ұйымдастыру;
- экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу;
- кураторлар мектебімен бірлесіп, тәжірибе алмасу мақсатында университеттік методикалық семинарлар ұйымдастыру;
- кураторлардың студенттік жастармен жұмысында жаңа тиімді әдістерді енгізу жұмыстарын жүргізу;
- әлеуметтік жағынан қорғалатын санатқа жататын студенттерге көмек көрсету мақсатында демеушілерді тарту;
- аудандық, қалалық және республикалық ұйымдармен, қоғамдық қайырымдылық қорлармен студенттердің  әлеуметтік тәрбие мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеу;

Тәрбие ісі жөніндегі департамент жанында келесі бөлімшелер жұмыс істейді:
Өнер және шығармашылық факультеті (ӨжШФ).

Деканы – профессор Байсағатов Бекболат Төкешұлы;
Декан орынбасары -  Ақылбек Данабекұлы.

Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарлары:

  • Агрономия факультеті – Баимбетова Эльмира Мейірханқызы;
  • Ветеринарлық медицина және малшаруашылығы технологиясы факультеті – Акижанова Назым Тұрсынқызы;
  • Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті – Абеева Нургуль Абуталиповна; 
  • Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті – Шахметова Динара Сапаргалиевна;
  • Техникалық факультет – Кокаева Гульнара Айтикеновна;
  • Экономикалық факультет – Орынбасаров Әуез Қаржаубайұлы;
  • Энергетикалық факультет – Жақсыбаева Дана Қошанқызы;

Кураторлар мектебінің жетекшісі - Жусупова Алмагуль Амангелдіқызы.

Университеттің Кураторлар мектебі өз қызметін Тәрбие жұмысы жөніндегі Кеңесінің басшылығымен және оқу жылындағы  Кураторлар мектебінің жоспарымен жүзеге асырады. Кураторлар мектебінің  басты міндеті -кураторлардың барлық бағыттағы жұмыстарын үйлестіру, кураторлардың жастарды тәрбиелеу барысында  фундаменталды психологиялық -педагогикалық дайындығын  күшейту.

Кураторлар мектебінің қызметі:

  • Кураторлардың тәрбие жұмыстарын үйлестіру;
  • Тәрбие жұмысының барлық саласындағы озық тәжірибелерді  университет практикасына енгізу;
  • Кураторлар үшін тәрбие жұмысының қазіргі заманғы технологияларын меңгеру мақсатында семинарлар ұйымдастыру;
  • Университет кураторлары үшін студенттерге психологиялық көмек беру мақсатында семинар-тренингтер ұйымдастыру;
  • Тәжірибе алмасу мақсатында кураторлар үшін конференция, дөңгелек үстел ұйымдастыру; 
  • Жас кураторлардың идеологиялық, тәрбиелік жұмыстар ұйымдастыруына ақпараттық, әдістемелік, тәжірибелік жақтан көмек көрсету.