Ардагерлер қоғамы

Өскелең ұрпақты  тәрбиелеудің өзекті міндеттерінің бірі болып студенттерді патриоттық тәрбиелеу табылады.  Осы бағытта  – Қазақстан патриоттарын тәрбиелеуде – бағаланбайтын рөл университеттің ардегерлеріне жатады. Жас буын мен аға буынның тұрақты байланысы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары-еңбек ардагерлерімен дәстүрге айналған студенттермен кездесулер арқылы іске асырылады.  

Қазіргі уақытта біздің университетте зейнеткерлік жастағы 200 астам оқытушылар мен қызметкерлер құрметті демалыста, олардың ішінен кейбіреулеру  университетіміздің игілігіне қызмет етулерін жалғастыруда.

Қазіргі уақытта университет ардагерлерінің тізімінде әртүрлі жастағы 469 адам бар. Университет басшылығы университеттің дамуына, студент жастарды оқыту мен тәрбиелеуге орасан үлес қосқан өзінің ардагерлерін назардан тыс қалдырмайды. Жыл сайын СМЖ 11010.37-2015 4 п. сәйкес атаулы мерейтой күніне жеткен әр ардагерге 1 минималды айлық жалақының көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

Қарттар күнінің құрметіне СМЖ 11010.37-2015 4 п. сәйкес ардагерлердің  әрқайсысына 3 айлық есептемелік көрсеткіші көлемінде материалды көмек көрсетіледі.

Жыл сайын Жеңіс күні құрметіне СМЖ 11010.37-2015 5.1 п. сәйкес әрқайсысына 5 АЕК көлемінде материалды көмек көрсетіледі.

Қарттар күні қарсаңында түлектер клубы қаражаты есебінен салтанатты іс-шаралар: мерекелік дастарқан, ықылас гүлдері және ақшалай сыйлықтар ұйымдастырылады.

Ардагарлер қайтыс болған отбасыларына 2 минималды айлық жалақының көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

Жыл сайын Қарттар күні қарсаңында факультеттерде әртүрлі мерекелік іс-шаралар: ардагерлердің студенттермен кездесуі, концерттік бағдарламалар өтеді, студенттер кураторларымен құрметті демалыстағы ардагерлерге барады. Барлық іс-шаралардың мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың еңбектері үшін алғыс айту және игі тілектерін білдіру. Факультеттер ардагерлерді мерекелерде құттықтаумен ғана шектелмейді, өздерінің ардагерлерімен тұрақты байланысты сақтайды, оларға барынша көмек пен ілтипат көрсетеді. Біздің құрметті ардагерлеріміз университеттің көптеген іс-шараларының: Наурыз мейрамының, 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесінің қадірлі қонақтары болып табылады. Олар кураторлар мен студенттер ұйымдастыратын кездесулерге қуана қатысады.