"2Д элементтерінің анимациясы" атты шеберлік сағаты өтті

2020 жылдың 8 қазаны күні "New Press" журналистер клубының ұйымдастыруымен онлайн режимде "2Д элементтерінің анимациясы" атты шеберлік сағаты өтті.

ХХІ ғасыр- технология ғасыры, сондықтан, әрбір заманауи азаматтың компьютердің тілін жетік меңгеруі маңызды екенін  және осы бейне-сабақта пайдасы мол лайфхактар үйренуге болатынын түсіну мақсатында өткізілді.

Бұл шеберлік сағатына оқу ордамыздың анимацияға қызығушылығы бар студенттерінің барлығы қатысты, сонымен қатар сабаққа арнап слайд жасағанда да әрбірімізге қажет екенін түсіндіріп, онлайн режимде түсіріп, көпке қолжетімді болуы үшін бейне-сабақты "Инстаграм" желісіндегі kazatu.kz парақшасынада  жарияладық.

Шеберлік сағатының  студенттерге ұнағанын алғыстары арқылы біліп, баршаға сәттілік тіледік!