«ADAL BILIM» атты онлайн кездесу өтті

2020 жылдың 25 қарашасы күні «Парламент» клубының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы ҚазАТУ–дың 1-курс студенттеріне емтихан сессиясының басталуына байланысты «ADAL BILIM» тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің ІІБ офицері Қозыбаев Диас Қамбарұлымен онлайн кездесу өтті. 

Бұл шара  адал жолмен жүруге, өз мемлекетіне адал қызмет етуге  үйрету мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық туралы  қысқаша мағлұматтар беріліп, бейне-баян көрсетілді. Студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып қанағаттанарлық жауаптарын алды. 

Кездесу соңында студент жастарды  адал болуға, рухани байлығын дамытуға, адамгершілік қасиеттерін оятуға және де жастарды адалдық қоғамын құруда белсенділікке шақырып, жемкорлықтың алдын алу мен оған жол бермеу үшін  кеңес берілді.