«Академиялық шыншылдық» тақырыбында дәріс өтті

2020 жылдың 26  қазаны  күні «Студенттік Парламент» ұйымының  ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы «Академиялық шыншылдық» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Іс-шараға тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің бас маманы Г.Е Байдалина, жастар саясаты маманы М.Ж Шолыкбаева  және университетіміздің 1 курс студенттері қатысты.

Студент жастарға  «Ар-намыс" кодексі мен университеттің ішкі тәртіп ережелері жайлы да айтып  құрметтеуге шақырды. Сонымен қатар қатысушыларға слайд арқылы көрсетіліп, әр түрлі фактілер бойынша  толық түсінідіріп кетті.  

Студенттер осы шарадан  өздеріне керек көп ақпарат пен сұрақтарына жауаптар ала алды.