«Әлеуметтік желі және біз» тақырыбында онлайн кездесу өтті

2021  жылдың  28 қаңтары күні «Jastar City-2020» студенттік клубының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі және біз» тақырыбында ZOOM қосымшасында онлайн кездесу өтті.

Кездесуге  БАҚ орталығының психологы А.Исахметова мен белсенді студенттер қатысты.

Бұл шара жастарға әлеуметтік желіні  тиімді пайдаланып, шынайы әлеммен өмір сүруді насихаттау мақсатында жүргізілді.

А.Исахметова шара барысында студенттермен ашық сөйлесіп, қандай себеппен әлеуметтік желіде ұзақ отыратындығын немесе басқа да әуесқой айналысатын нәрселеріне байланысты тәуелділік жайлы және  оған қандай шектеулер қою керектігі жайлы ақпарат берді. 

Шара соңында А.Исахметова: «Болашақ сіздердің қолдарыңызда, әлеуметтік желіде уақыт өткізбей, бос уақыттарыңызды тиімді  пайдаланып, таза ауада серуендеп, пайдалы іспен айналысу керек»-  деп  кеңес берді.