«Алғыс айту – парызым!» атты акциясы өтті

2021 жылдың  27 ақпаны күні  «KazATU Connektor» клубының  ұйымдастыруымен 1наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты акциясы өткізілді.

Бұл акция студенттердің сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі мақсатында ұйымдастырылды.

Осындай күннің суығына қарамай қызметін адал орындап жүрген көше тазалаушы аға, апаларымызға алғыс айтып, шаймен, самса таратылды.

Болашақ жастарға үлгі болсын деген ниетте жасаған игі істері жалғасын табар деген сенімдерін білдіріп, аға-әпкелеріміз баталарын беріп «KazATU Connektor»  клубының мүшелеріне  алғыстарын білдірді.