«Арулар аз болдыма атқа қонған» пікір талас сайысы өтті

2020 жылдың 14 қарашасы  күні «Сымбат» қыздар  клубының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы «Арулар аз болдыма атқа қонған» тақырыбында тарихтағы аруларымызды насихаттау мақсатында факультетаралық пікір-талас сайысы  өтті.

Пікір талас сайысына университеттің әр  факультеттеінен құралған 10 студент қатысты.

Пікір талас III кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру
  2. Сұрақ-жауап
  3. «4 сурет 1 сөз» номинациясынан

    Қатысушыларымызға нөмер сандары беріліп, сол нөмер сандары бойынша кезек-кезекпен таныстырылды.Сұрақ-жауап айдарында  тарихтағы батыр аналарымыз туралы сұрақтарға жауап берді, ал  «4 сурет 1 сөзде» қатысушыларымызға экранда көрсетілген суреттер арқылы сұрақтар қойылып  сайыс тартысты өтті.

    Сайыс қорытындысы бойынша, төмендегі студенттер дипломдармен марапатталды.

    I орынды  Агрономиялық факультетінің студенті Дәрібай Сұлушаш;

    ІI орынды КЖжКБ  факультетінің студенті Құлыншақ Ақнұр;

    ІІI орынды Техникалық факультетінің студенті Кеңесова Таңшолпан иеленді.