«Білімділер алаңы» атты ток-шоу ойыны өтті

2020 жылдың 30 қарашасы күні «Алтын белгі иегерлері» клубының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Білімділер алаңы» атты  ток-шоу ойыны  өтті.

ZOOM қосымшасы арқылы өткен ток-шоу ойынына 1-2 курс студенттері қатысты. 

Ойын үш кезеңнен тұрды:

І  кезеңде 20 секунд ішінде викториналық сұрақтарға жауап беру; 

ІІ кезеңде ұяшықтарға жасырылған қызықты сұрақтарға жауап беру; 

ІІІ  кезеңде  логикалық сұрақтарға жауап беру. 

Ойын қорытындысы қатысушылардың алған ұпайларына сәйкес шығарылды. 

Нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер: 

І орынды  «Техникалық» факультетінің 1-курс студенті Шаяхметов Нұрғали;

ІІ орынды «Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн» факультетінің  2- курс студенті Ботбай Ұлболсын;

ІІІ орынды  «Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн» факультетінің  1- курс студенті Ақылбек Қуаныш иеленді.